COP31 Түркияда өтеді
Австралия премьер-министрі Энтони Албанезе Климаттың өзгеруі жөніндегі министр Крис Боуэн келіссөздерге Австралия атынан COP төрағасы болатынын, ал Түркия саммитті ұйымдастырып, COP төрағалығын өз мойнына алатынын мәлімдеді.
Албанезенің Канберраның кандидатурасын қайтарып алғанын жариялауынан кейін келесі жылы COP31 климат саммиті Түркияның Жерорта теңізі жағалауындағы демалыс қаласы Анталияда өтетін болды.
Албанезе Австралияның “ABC Radio Perth” мемлекеттік радиосына берген сұхбатында былай деді: «(Климаттың өзгеруі жөніндегі министр) Крис Боуэннің Австралия атынан келіссөздерге COP төрағасы болуы жөнінде келісімге келдік».
Премьер-министр сондай-ақ: «COP өткізу құқығы мен COP төрағалығы Түркияға беріледі, алдын ала COP жиыны өтеді. Бұл жиын негізінен Тынық мұхитында климаттық қаржыландыруға және ‘Pacific Resilience Facility’ (Тынық мұхиты орнықтылығы қоры) мәселесіне назар аударады. Бұл кездесу келесі жылы Тынық мұхитында өтетін COP-қа дайындық болмақ», - деді.
Австралия премьер-министрі бұл келісімді «Австралия үшін де, Түркия үшін де үлкен жетістік» ретінде сипаттады.
Албанезе: «Климат конференцияларының қағидасы — келісім арқылы өткізілуі. Тараптар келісімге келмеген жағдайда, COP Германияның Бонн қаласында өтетін еді», - деп қосты.