Колумбия еврей сектасының мүшелерін елден шығарды
Колумбия билігі 17 жасөспірімді құтқарғаннан бірнеше күн кейін ультра-ортодокс еврей тобының тоғыз мүшесі елден шығарды.
Колумбия дүйсенбі күні зорлық-зомбылыққа ұшыраған 17 баланың құтқарылғанын мәлімдегеннен бірнеше күн өткен соң ортодокс еврей сектасы «Lev Tahor» тобының тоғыз мүшесін елден шығарды.
Колумбияның көші-қон агенттігі секта мүшелерінің Медельин халықаралық әуежайынан шығарылып, АҚШ билігіне тапсыру үшін Нью-Йоркке ұшаққа отырғызылғанын хабарлады.
Билік өкілдерінің айтуынша, АҚШ пен Гватемала сияқты елдерден келген жасөспірім балалардың кейбірі АҚШ-тағы балаларды қорғау мекемелеріне орналастырылуы үшін сол ұшақпен бірге жеткізілген.
Бұл секта бірнеше жылдан бері тергелуде
«Кіршіксіз жүрек» мағынасындағы «Lev Tahor» сектасы Мексика, Канада, Гватемала және енді Колумбияны қоса алғанда бірнеше елде күштеп жүкті ету, балаларды зорлау және жыныстық зорлық-зомбылық сияқты айыптар бойынша жылдар бойы тергеуге алынып келеді.
1980 жылдары құрылған бұл топтың құрамында Солтүстік және Орталық Америкадан келген шамамен 50 отбасы бар. Интерпол оның бірнеше жетекшісіне қатысты іздестіру жариялаған.
2024 жылдың желтоқсанында Гватемала билігі прокурорлар кең таралған жыныстық және физикалық зорлық-зомбылық жөніндегі айыптауларды тергей бастағаннан кейін «Lev Tahor» орналасқан ферма аумағынан 160 баланы құтқарып алған болатын.