ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль әскері Ливанның оңтүстігіне шабуылдады
Израиль күштерінің наурыз айынан бері Ливанға жасаған шабуылдарынан 4 мың 346 адам қаза тапты.
Израиль әскері Ливанның оңтүстігіне шабуылдады
Израиль күштерінің Ливанның оңтүстігіне жасаған әуе соққысы (МҰРАҒАТ)

Израиль күштері атысты тоқтату келісіміне қарамастан, Ливанның оңтүстігіндегі Хужейр аңғарына әуе соққысын жасап, Хиям елді мекенін автоматты қарумен атқылады.

Ливанның ресми «NNA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль ұшақтары Хужейр аңғарының Кантара бағытындағы бөлігіне әуе шабуылын жасаған. Сонымен қатар Хиям елді мекеніне автоматты қарумен оқ жаудырған.

Израиль күштері бұған дейін де елдің оңтүстігіндегі Бинт-Джубейл ауданына қарасты Хадаса елді мекеніне қарулы шабуыл жасаған болатын.

«NNA» мәліметінше, Израиль сарбаздары Хадасаның Батыс ауданын автоматты қарумен атқылаған. Осы уақытта Израиль күштеріне тиесілі әскери көліктердің елді мекен ішіне кіргені хабарланды.

Израильдің Ливандағы шабуылдары

Израиль күштері 2 наурызда Ливанға жаппай әуе шабуылдарын бастап, елдің оңтүстігіндегі бірқатар елді мекенді басып алған еді.

Ливан үкіметі осы кезеңде ел ішінде қоныс аударуға мәжбүр болғандардың саны 1 миллионнан асқанын мәлімдеді.

Ливан мен Израиль арасында 17 сәуірде күшіне енген атысты тоқтату келісімінің мерзімі кейін бірнеше рет ұзартылды. Соған қарамастан Израиль күштері 15 тамызда Ливанға қайта шабуылдады.  Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израильдің 2 наурыздан бері елге жасаған шабуылдарынан 4 мың 346 адам қаза тапқан.

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады