ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркияның Отбасы министрі: «Әлеуметтік желілерге қатысты реттеу шараларын енгізіп жатырмыз»
Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі Махинур Өздемир Гөкташ әлемдегі көптеген ел сияқты Түркияның да балаларды қорғау мақсатында әлеуметтік желілерге қатысты реттеу шараларын іске асыруға дайындалып жатқанын мәлімдеді.
Түркияның Отбасы министрі: «Әлеуметтік желілерге қатысты реттеу шараларын енгізіп жатырмыз»
Түркияның Отбасы министрі: «Әлеуметтік желілерге қатысты реттеу шараларын енгізіп жатырмыз» / Reuters

Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі жексенбі күні Түркияның әлеуметтік желі платформаларында балаларды қорғау үшін жаңа реттеу шараларын енгізуге дайындалып жатқанын мәлімдеді.

Махинур Өздемир Гөкташ Түркияның «Nsosyal» әлеуметтік желі платформасында балалардың цифрлық әлемнің зиянды әсеріне тап болуына қатысты алаңдаушылықтың артқанын айтып, үкіметтің жаңа шара енгізуге өте жақын екенін жеткізді.

Министр әлемдегі көптеген ел сияқты Түркияның да жақын арада балаларды қорғауға бағытталған әлеуметтік желі реттеулерін іске асыратынын атап өтті.

Гөкташтың айтуынша, адамның назар аудару уақыты шамамен сегіз секундқа дейін қысқарған және бұл жағдай ересектерге қарағанда балаларға көбірек зиян келтіруде.

Министр соңғы он жылда балалардың назары кемінде 30 пайызға азайғанын, бұл олардың зейініне, достық қарым-қатынастарына және оқу үлгеріміне зиян келтіретінін айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Әлеуметтік медианың физикалық жасырын зияндары

Бұл өзгерістердің оқыту үдерісін де қиындататынын айтқан Гөкташ әлемнің көптеген елінде балаларға арналған әлеуметтік желі ережелері талқыланып, енгізіліп жатқанын атап өтті.

Түркияның балалар үшін қауіпсіз интернет ортасын қалыптастыру бағытында жұмыс істеп жатқанын айтқан министр ата-аналар мен мұғалімдерді бұл бастаманы қолдауға шақырды. Гөкташтың сөзінше, бәрі бірлесе әрекет етсе, балалар үшін қауіпсіз интернет кеңістігін құруға болады.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады