ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Катар қоры БҰҰ-ның Палестиналық босқындарға көмек агенттігіне 10 миллион доллар бөлді
Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындарға көмек агенттігінің хабарлауынша, Катардың Даму қоры аймақтағы палестиналық босқындарға негізгі қызметтерді қолдау мақсатында 10 миллион доллар көлемінде қайырымдылық жасады.
Катар қоры БҰҰ-ның Палестиналық босқындарға көмек агенттігіне 10 миллион доллар бөлді
2 наурыздан бері Израиль Газаға барлық өткелдерді жауып, азық-түлік, дәрі-дәрмек пен гуманитарлық көмектің кіруін бөгеді. / AA Archive

Дүйсенбі күні агенттік “X” платформасында: «Агенттікке жасаған 10 миллион долларлық үлесі үшін Катар Даму қорына алғыс айтамыз. Бұл қолдау палестиналық босқындарға білім беру және денсаулық сақтау сияқты негізгі қызметтерді жалғастыруға мүмкіндік береді», – деп, ризашылығын білдірді.

Агенттік сонымен бірге «ең мұқтаж жандарды қолдау» міндеттемесін тағы да қайталады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындарға көмек агенттігі Иордания, Сирия, Ливан, Газа және Шығыс Иерусалимді қоса алғанда, басып алынған Батыс Шериядағы палестиналық босқындарға білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Бұл қаржыландыру агенттік қызметінің жалғасуына қауіп төндірген ауыр қаржылық дағдарыс кезінде жасалды.

Агенттік әсіресе соғыс, аштық және блокада жағдайында азап шегіп отырған шамамен 2 миллион палестиналықтың өміріне қаржылық тапшылықтың әсері туралы бірнеше рет ескерткен болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - ХАМАС келіссөздерінің алғашқы кезеңі нәтижелі өтті

Геноцид пен блокада

2 наурыздан бері Израиль Газаға барлық өткелдерді жауып, азық-түлік, дәрі-дәрмек және гуманитарлық көмектің кіруіне тосқауыл қойды.

Кейде бірнеше гуманитарлық керуенге рұқсат берілгенімен, бұл көмек халықтың қажеттіліктерін жеткізу үшін тым аз болып отыр, ал көмек іздегендер Израиль күштерінің шабуыл қауіпіне тап болуда.

Агенттік сондай-ақ көптеген жүк көлігінің қарулы топтар тарапынан тоналғанын хабарлады. Газа билігі Израильді бұл топтарды қорғап отыр деп айыптады.

Израиль осы уақытқа дейін қоршаудағы Газада 67 мыңнан астам палестиналықты, олардың басым бөлігі әйелдер мен балалардың өлтірді.

Блокададағы аймақтың басым бөлігі қирап, халықтың басым бөлігі босқынға айналды.

Іздеу
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды