СПОРТ
2 ... минут оқылды
Дембеле «Алтын допты» жеңіп алған алғашқы қара нәсілді мұсылман болды
Дембеле Родридің орнын басып, Ламин Ямалды артта қалдырды.  Жылдар бойы Лионель Месси мен Криштиану Роналду иеленген футболдың ең беделді жүлдесі — «Алтын доптың» (Ballon d'Or) иегері атанды.
Дембеле «Алтын допты» жеңіп алған алғашқы қара нәсілді мұсылман болды
/ AP

Пари Сен-Жерменнің (“PSG”) шабуылшысы Усман Дембеле Чемпиондар лигасында көрсеткен жұлдызды ойыны үшін «Алтын допқа» (Ballon d'Or) ие болды. Ал испандық Айтана Бонмати әйелдер санатында бұл жүлдені үшінші рет жеңіп алды.

28 жастағы Дембеле Барселонаның жас жұлдызы Ламин Ямалды артта қалдырып, былтырғы иегер Манчестер Сити мен Испанияның ортаңғы шебіндегі ойыншысы Родриден кейін футболдағы ең беделді марапатты жеңіп алды. Бұл марапатты жылдар бойы Лионель Месси мен Криштиану Роналду алған еді.

Бұрынғы «Боруссия Дортмунд» пен «Барселона» шабуылшысы Дембеле 2018 жылғы Әлем чемпионатының жеңімпазы Франция құрамасының сапында ойнады. «PSG» командасымен бірге лига және кубок чемпиондығын жеңіп, барлық турнирде 35 гол соқты, Чемпиондар лигасында да жеңіске жетті.

Килиан Мбаппе «Реал Мадридке» ауысқаннан кейін Дембеле орталық шабуылшы позициясына өтті. Ол Мюнхендегі финалда “Интер”-ді 5:0 есебімен ұтып, «PSG» командасына  алғашқы Еуропа кубогын сыйлады.

Париждің орталығындағы «Théâtre du Châtelet» сахнасында сөз сөйлеген Дембеле: «Сөзбен жеткізу қиын. «PSG» командасымен керемет маусым өткіздік», - деді. Сондай-ақ ол жылдың үздік клуб бапкері атанған Луис Энрикені «менің әкем сияқты» деп атап өтті. «Бұл жеке жүлде болғанымен, шын мәнінде бүкіл команданың ортақ жетістігі. Алтын доп мансабымдағы мақсат болмаған, бірақ Чемпиондар лигасын жеңу үшін командаға көмектесу басты тілегім еді», - деді Дембеле.

Қатарынан үш рет

«Барселона» мен “Испания” құрамасының жартылай қорғаушысы Айтана Бонмати Мариона Кальдентейді артта қалдырып, әйелдер санатында «Алтын доптың» иегері атанды. 27 жастағы Бонмати өткен маусымда командасымен Әйелдер Чемпиондар лигасының финалында «Арсеналға» есе жіберген еді.

Менингитпен ауырып, Испания құрамасының алғашқы екі матчында негізгі құрамға кірмегеніне қарамастан, Бонмати Еуропа чемпионатында турнирдің ең үздік ойыншысы деп танылды.

«Мақтанамын», - деді Бонмати. Жеке табысында команданың рөлін ерекше атап өтіп, «Қатарынан үшінші рет осы жерге келуімнің себебі -  ойнаған командаларым. Мұның бәрі солардың арқасы», - деп қосты.

«Арсеналдың» ойыншысы Алессия Руссо үшінші орынға ие болды.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты