"Пәкістанның Таяу Шығыстағы бейбітшілік келіссөзіндегі рөлі "маңызды" кезеңге жақындап келеді"
Иран елшісі Реза Амири Могаддам Пәкістанның талпыныстарын «оң және нәтижелі бастамалар» деп атады.
Иранның Исламабадтағы елшісі Пәкістанның Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату үшін АҚШ-пен жүргізіліп жатқан келіссөздердегі делдалдығы «маңызды және нәзік кезеңге жақындағанын» мәлімдеді.
Пәкістанның күш-жігерін «оң және нәтижелі» деп бағалаған Реза Амири Могаддам “Х” желісіндегі жазбасында «Жаңалықтарды күтіңіз», — деген сөздерге орын берді.
Могаддамның бұл сөздері Иранның дүйсенбі күні уақытша бітімді қабылдамай, оның орнына тұрақты шешім табуды талап ететін, соғысты тоқтату жөніндегі өз ұстанымын білдіретін ұсыныс жіберген кезіне тұспа-тұс келіп отыр.
Иран екі аптаға созылған жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейін АҚШ-тың ұсынысына берген жауабын Пәкістан арқылы жеткізді. Осыдан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның жауабын «маңызды қадам» деп атағанымен, бәрібір жеткіліксіз екенін айтты. Ол Ақ Үйде журналистерге берген сұхбатында «Бұл әлі де болса толықтай қанағаттанарлық емес, бірақ өте маңызды қадам», — деп мәлімдеді.