Түркі әлемінің Энергия министрлері Стамбулда бас қосады
Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі Түркі Мемлекеттері Ұйымы (ТМҰ) Энергетика министрлерінің бесінші кездесуін өткізеді.
Түркі әлемінің Энергия министрлері Стамбулда бас қосады
Түркі әлемінің Энергия министрлері Стамбулда бас қосады / AP

Министрліктің хабарлауынша, Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар 9–10 желтоқсан күндері Стамбулда өтетін кездесу аясында қатысушы министрлермен екіжақты келіссөздер жүргізіп, қазіргі және болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылайды.

Түркия ұйымдастыратын бұл жиынға ТМҰ Хатшылығы, ТМҰ-ға мүше елдер — Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және бақылаушы мәртебесіндегі Венгрия, Түрікменстан мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасы қатысады.

Екі күнге созылатын бағдарлама аясында 9 желтоқсанда техникалық деңгейдегі энергетика жұмыс тобының отырысы, ал 10 желтоқсанда министр Байрактардың төрағалығымен Министрлер кездесуі өтеді.

Жиында жаңартылатын энергия көздері, мұнай және табиғи газ, ядролық энергияның бейбіт мақсатта қолданылуы, ақылды желілер, энергия сақтау, сутегі және көміртекті ұстау технологиялары, стратегиялық минералдар мен сирек жер элементтері сияқты энергетиканың барлық бағыттары бойынша пікір алмасу және талқылау жүргізіледі.

Түркі мемлекеттері аясында энергетикалық ынтымақтастықты дамыту үшін қолға алынуы тиіс қадамдар да қарастырылады.

 

Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
Президент Ердоған: "Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр"
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді