ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Солтүстік Корея екінші қанатты зымыран сынағын өткізді
Соңғы сынақ АҚШ пен Оңтүстік Корея дүйсенбі күні бастаған 11 күндік «Еркіндік қалқаны» әскери жаттығуларынан кейін өткізілді.
Солтүстік Корея екінші қанатты зымыран сынағын өткізді
Солтүстік Корея екінші қанатты зымыран сынағын өткізді / Reuters
11 Наурыз 2026

Пхеньян АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуларына жауап беретінін ескерткен болатын. Мемлекеттік БАҚ сәрсенбі күні Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның елдің жаңа соғыс кемесінен екінші қанатты зымыран сынағын бақылағанын хабарлады.

Корея ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ким сынақты жасөспірім қызымен бірге қашықтағы жабық ғимараттан видео арқылы бақылаған.

Қанатты зымыран елдің батыс жағалауындағы Нампхо қаласы маңындағы теңіз айдынында орналасқан «Choe Hyon» соғыс кемесінен ұшырылған.

Агенттік дерегіне сәйкес, зымыран Сары теңіз үстінен ұшып, белгіленген нысандарға дәл соққы берген.

Ким: «Соғысты тежеу жүйеміздің құрамдас бөліктері тиімді әрі жедел түрде аса жетілдірілген операциялық жүйеге үздіксіз енгізіліп жатыр, ал елдің ядролық күштері көпқырлы операциялық кезеңге өтті», - деді.

Ким бұл сынақ отандық қаруды басқару жүйесінің сенімділігін растағанын айтып, оған қанағаттанғанын жеткізді. Сонымен қатар әскери кемелерге орнатылған теңіздегі автоматты артиллериялық жүйелердің тиімділігін зерттеу қажеттігін атап өтті және теңіз күштерін нығайту жөнінде тапсырма берді.

Солтүстік Корея өткен апта соғыс кемесі қызметке кіріспес бұрын осындай қанатты зымыран сынағын өткізген болатын.

Соңғы сынақ АҚШ пен Оңтүстік Кореяның дүйсенбі күні басталған 11 күндік  «Еркіндік қалқаны» жаттығулары аясында өтті.

Пхеньян ұзақ уақыттан бері одақтастардың бірлескен әскери жаттығуларын «басып кіруге дайындық» деп бағалап, айыптап келеді.

Іздеу
Иран байыту бағдарламасына қандай да бір шектеу қойылуын қабылдамады
Солтүстік Корея баллистикалық зымыран сынағын өткізді
БҰҰ Бас хатшысы Израильдің Ливанға шабуылдарын айыптады
Израиль 6 апталық үзілістен кейін Әл-Ақса мешіті мен Қасиетті Қабір шіркеуін қайта ашады
Ливан  бір күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады
«Хезболла» ұйымы Израильдің солтүстігіне зымыран шабуылын жасады
«Қытай, Ресей, Түркия және Пәкістан Таяу Шығыста бейбітшілік үшін күш біріктіре алады»
Трамп Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде АҚШ-тың рөліне назар аударды
АҚШ пен Израиль Иранның Харк аралын атқылады
Иранның әуежайлары мен қалаларына әуеден шабуыл жасалды
Тегеранда тұрмыс қиындап барады
АҚШ пен Израиль Иранның ең ірі мұнай-химия кешенін нысанаға алды
МАГАТЭ: “АҚШ пен Израильдің Иран атом электр станциясы маңындағы шабуылдары «тоқтатылуы тиіс”
Еврей қоныстанушылары басып алынған Батыс Шерияда 10 палестиналықты жаралады
Украина шабуылынан кейін Луганскте ондаған кенші үйінді астында қалды
Оңтүстік Корея ұшырылған жеке дрондарға байланысты Солтүстік Кореяға өкініш білдірді
Газадағы христиандар Израильдің бітімді бұзғанына қарамастан Пасха мерекесін тойлауда
Газада бітім күшіне енгеннен бері 716 палестиналық қаза тапқан
АҚШ Иранда құлаған "F-15" ұшағының екінші ұшқышын құтқарды
Ұлыбритания  Кувейтке әуе қорғаныс жүйесін орналастырды