САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Путин Мадуроны қолдады
АҚШ Венесуэла жағалауында бір мұнай танкерін тәркілегеннен кейін Ресей мен Венесуэла басшылары телефон арқылы сөйлесті.
Путин Мадуроны қолдады
Путин Мадуроны қолдады / Reuters

Кремльдің мәлімдеуінше, Ресей президенті Владимир Путин көптен бері одақтасы болған Венесуэла президенті Николас Мадуромен телефон арқылы сөйлесіп, Венесуэлаға қолдау білдірді.

Бұл телефон әңгімесі АҚШ-тың Венесуэла жағалауында бір мұнай танкерін тәркілеуінен кейін болды. Бұл оқиға ˗ екі ел арасындағы бірқатар шиеленістің бірі.

Ресей мен Венесуэла тығыз қарым-қатынаста. Мадуро биылғы жылдың басында Мәскеуге барып, жыл сайын өтетін әскери шеруге қатысты, сондай-ақ Путинмен кең ауқымды стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды.

Кремльдің хабарлауынша, бейсенбі күнгі телефон әңгімесінде Владимир Путин Венесуэла халқына қолдау білдірді.
Мәлімдемеде сондай-ақ Ресей басшысының артқан сыртқы қысымға қарсы ұлттық мүдделер мен егемендікті қорғауға бағытталған Мадуро үкіметінің саясатын қолдайтыны атап өтілді.

Тараптар сауда-экономика, энергетика, қаржы, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы бірлескен жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыру міндеттемелерін қайта растады.

АҚШ әскері сәрсенбі күні Венесуэлаға тиесілі мұнай танкерін тәркілеген болатын. Әскерлер тікұшақтан арқан арқылы танкердің палубасына түскен.

Вашингтон Мадуроны есірткі картелін басқарды деп айыптайды. Алайда Мадуро бұл айыптауларды жоққа шығарып, АҚШ-тың Венесуэланың ірі мұнай қорларына байланысты елде режим ауыстыруды көздеп отырғанын мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлаға жақын аймаққа әскери кемелер орналастырды. Тынық мұхитының шығысы мен Кариб теңізінде кемелерге жасалған кемінде 22 шабуылда 87 адам қаза тапты.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді