САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Испанияның премьер-министрі: «Испания соғысқа қарсы»
Испания премьер-министрі Педро Санчес Ирак соғысының тәжірибесін еске алып, Испания кек алу қаупінен қорқып, әлемге зиян әкелетін әрекеттерге ешқашан ортақтаспайтынын айтты.
Испанияның премьер-министрі: «Испания соғысқа қарсы»
Испания премьер-министрі: «Испания соғысқа қарсы» / AFP
5 Наурыз 2026

Испанияның премьер-министрі Педро Санчес сәрсенбі күні Таяу Шығыста әскери шиеленіс күшейіп жатқан тұста бір тарапты қолдауды үзілді-кесілді қабылдамайтынын айтып, Израиль, АҚШ және Иранды дереу атысты тоқтатуға шақырды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп АҚШ-тың Иранда «ауқымды операция» бастағанын жариялады

«X» әлеуметтік желісінде жарияланған видеоүндеуінде Санчес Испанияның соғысқа қарсы екенін мәлімдеді.

2003 жылғы Иракқа басып кіруді мысалға алған Педро Санчес «Азор аралдарының саяси ұстанымы» туралы ескерту жасады. Ол 2003 жылғы Азор саммитін еске салып, сол кезде АҚШ президенті Джордж Буш, Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блэр және Испания премьер-министрі Хосе Мария Аснар дипломатиялық жолды шетке ысырып, Иракқа шабуыл алдында Саддам Хусейнге соңғы ескерту жасағанын айтты. Санчестің айтуынша, мұндай шешімдер Еуропа үшін қауіпті әлем мен нашар өмір жағдайына алып келген.

Ол Испания кек алу қорқынышымен әлемге зиян келтіретін әрекеттердің серіктесі болмайтынын атап өтті. Санчес сондай-ақ Испания армиясы аймақта жүрген азаматтарды эвакуациялау үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын растады.

Ол: «Еліміздің экономикалық, институционалдық күшіне толық сенеміз. Осындай сәттерде испан болғанымызды мақтан тұтамыз», - деді.

Испания мен АҚШ арасындағы шиеленіс жоғары деңгейде. Мадрид Иранға жасалған шабуылдарды айыптап, Вашингтонның Испаниядағы әскери базаларды Иранға қарсы шабуыл үшін пайдалануына рұқсат беруден бас тартты.

Бұған дейін Испания Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес Буэно Испанияның АҚШ-пен әскери ынтымақтастыққа келіскені туралы мәлімдемелерді жоққа шығарды.

«Cadena SER» радиосына берген сұхбатында Альбарес Ақ Үйдің мәлімдемелерін жоққа шығарып, «Таяу Шығыстағы соғыс пен Иранға жасалған шабуыл Испания үкіметінің базаларын пайдалану мәселесіндегі ұстанымын еш өзгерткен жоқ», - деді.

Бұл мәлімдеме Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт Испания АҚШ-пен ынтымақтастыққа келгенін жеткізгеннен кейін жасалды. Ливитт бұл келісім АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропадағы одақтасына  сауданы тоқтатамыз деп ескерткеннен кейін жасалғанын мәлімдеді.

Дональд Трамптың ультиматумы Мадрид АҚШ-тың Испаниядағы әскери базаларын Иранға қарсы шабуыл үшін пайдалануға рұқсат бермейтінін мәлімдегеннен кейін жасалды.

Ливитт журналистерге: «Президенттің Испанияға қатысты кеше айтқан сөзін олар анық әрі нақты естіді деп ойлаймын. Менің түсінуімше, олар АҚШ әскерімен ынтымақтастыққа келісім берді. Сондықтан АҚШ әскері Испаниядағы әріптестерімен үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», -  деді.

Іздеу
Иран: “АҚШ 10 тармақтан тұратын бейбітшілік ұсынысын «принципті түрде» қабылдады”
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді
"Пәкістанның Таяу Шығыстағы бейбітшілік келіссөзіндегі рөлі "маңызды" кезеңге жақындап келеді"
Франция Иранның инфрақұрылымына жасалатын шабуылдар туралы АҚШ-қа ескерту жасады
АҚШ сенаторлары: “Трамптың Иранға бағытталған қоқан-лоққылары соғыс қылмысына тең”
Араб елдері израильдік министрдің Әл-Ақса мешітіне басып кіруін айыптады
Антониу Кошта: «АҚШ пен Израильдің Иранның азаматтық инфрақұрылымына жасаған шабуылдары заңсыз»
АҚШ пен Иран 45 күндік бітімді талқылауда
АҚШ пен Израиль Тегеранға шабуылдады
АҚШ пен Израиль шабуылдарынан 25-тен астам адам қаза тапты
Дональд Трамп: «АҚШ әскері Иранда қалған нысандарды әлі жойған жоқ»
Президент Трамп Иранға қысымды күшейтті
Иран мен АҚШ–Израиль шабуылдары жалғасуда
Ормуз бұғазы қозғалысын басқару үшін хаттама жобасы әзірленді
Иран: «Ормуз бұғазы әлемге ашық,  қарсыластарға жабық»
Хезболла Ливандағы Израиль әскеріне шабуылдады
Иран Израильге  зымыранмен шабуылдады
Ресей Луганск облысын толық бақылауға алғанын мәлімдеді
Рим Папасы Трампты Иран соғысынан "шығу жолын" іздеуге шақырды
Біріккен Араб Әмірліктері Ормуз бұғазын қайта ашуға бағытталған әскери операцияны қолдайды