ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Конго мен Руанда арасындағы бейбітшілік келісімін құптайды
"Біз бұл үдеріске қатысқан барлық тараптың, әсіресе АҚШ пен Катардың дипломатиялық күш-жігерін жоғары бағалаймыз," дейді Түркия Сыртқы істер министрлігі.
Түркия Конго мен Руанда арасындағы бейбітшілік келісімін құптайды
Түркия Конго мен Руанда арасындағы бейбітшілік келісімін құптайды / AA

Түркия Конго Демократиялық Республикасы (КДР) мен Руанда арасындағы бейбітшілік келісімін құптады.

Жұма күнгі Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: «Біз Конго Демократиялық Республикасы мен Руанда арасындағы 'Вашингтон бейбітшілік пен өркендеу келісіміне' қол қойылғанын құптаймыз», — делінген.

Мәлімдемеде сонымен бірге «Біз осы процеске қатысқан барлық тараптың, әсіресе АҚШ пен Қатардың дипломатиялық күш-жігерін жоғары бағалаймыз», — делінген.

Министрлік келісімдер шығыс КДР-дегі қақтығыстың ұзақ мерзімді шешіміне және Үлкен Көлдер аймағының тұрақтылығына ықпал етеді деген үміт білдірді.

«Түркия Африкадағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты ілгерілетуге бағытталған күш-жігерді қолдауды жалғастыра береді», — деп айтылды.

Мыңдаған адам қаза тауып, миллиондаған адам қоныс аударды

Бейсенбі күні КДР мен Руанда басшылары шығыс КДР-дегі соғысты аяқтауға бағытталған, АҚШ делдалдық жасаған бейбітшілік пен экономикалық келісімге қол қойды. М23 көтерілісшілері көптеген жылдан бері шабуыл жасап, осы аймақтағы тұрақтылықты бұзып келген болатын.

Киншаса мен БҰҰ мәліметтері бойынша, КДР-дегі зорлық-зомбылық мыңдаған адамның өмірін қиып, миллиондаған адамды үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті.

БҰҰ, Киншаса және басқа да тараптар көршілес ел Руанданы M23-ті қолдап отыр деп айыптайды, ал Кигали әкімшілігі болса бұл айыптауларды жоққа шығарады.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады