АҚШ-тағы "Starbucks" кофе желісі жүздеген қызметкерді жұмыстан босатуды жоспарлап отыр

Компания Солтүстік Америкадағы кафелердің 1 пайызын жабады, 900 қызметкерді жұмыстан шығарады.

"Starbucks" кофе желісі жүздеген қызметкерді жұмыстан босатуды жоспарлап отыр / AA

“Starbucks” компаниясы жүздеген қызметкерді жұмыстан шығарып, ондаған дүкенді жабатынын жариялады.

АҚШ-тағы бұл кофе желісі Солтүстік Америкадағы компания басқаратын дүкендер саны 2025 қаржы жылында шамамен 1 пайызға азаятынын мәлімдеді.

Компания қызметкерлер санын және шығындарды қысқартатынын білдірді. «Бұл шамамен 900 қызметкерді жұмыстан шығару және көптеген бос орынды жабу секілді қиын шешімді қамтиды», – делінген хабарламада.

“Starbucks” қызметкерлерге мүмкіндігінше жақын орналасқан орындарға ауысу мүмкіндігін ұсынуға тырысатынын және тез арада көмек көрсететінін мәлімдеді. Ал жұмыстан толық шығарылғандарға компания «жан-жақты өтемақы пакеттін» ұсынатынын мәлімдеді.

“Starbucks” компаниясының жаһандық сатылымы қаржы жылының үшінші тоқсанында 2 пайызға төмендеді. Екінші және бірінші тоқсандарда да компанияның саудасының төмендегені тіркелген болатын.