ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Мәскеуде жоғары лауазымды генералға шабуыл жасалды
Тергеушілер қарулы шабуылдаушы жоғары лауазымды әскери барлау қызметкерін оның үйінің маңында нысанаға алғаннан кейін адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Мәскеуде жоғары лауазымды генералға шабуыл жасалды
Мәскеуде жоғары лауазымды генералға шабуыл жасалды / Reuters

Ресей Тергеу комитеті жұма күні Мәскеуде белгісіз шабуылдаушы жоғары лауазымды ресейлік әскери барлау өкілін атып кеткеннен кейін ауқымды тергеу басталғанын және күдіктіні іздеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

Комитет өкілі Светлана Петренко Мәскеудің солтүстік-батысында генерал-лейтенант Владимир Алексеевке оның үйінің алдында бірнеше рет оқ атылғанын, кейін күдіктінің оқиға орнынан қашып кеткенін айтты.

Ресей билігі Алексеевтің жараланып-жараланбағаны және шабуылдың себептері туралы әзірге ешқандай мәлімет бермеді.

Алексеев 2011 жылдан бері Ресей Қарулы күштері Бас штабының Бас барлау басқармасы басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарып келеді. Бұл ˗ елдің ең ықпалды, әрі құпия қауіпсіздік құрылымдарының бірі.

Петренко «Telegram» желісінде жасаған мәлімдемесінде қасақана адам өлтіруге оқталу және қару контрабандасы баптары бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Оның сөзінше, тергеушілер мен криминалистер оқиға орнында жұмыс жүргізіп, бейнебақылау жазбаларын тексеріп, куәгерлерден жауап алып жатыр. Кінәлілерді анықтау жұмыстары жалғасуда.

Бұл Ресей аумағында жоғары шенді әскери қызметкерге жасалған алғашқы шабуыл емес. Тергеу комитетінің мәліметінше, желтоқсан айында Ресей Қарулы күштері Бас штабының жедел дайындық басқармасының басшысы генерал-лейтенант Фанил Сарваров Мәскеудің оңтүстігінде автокөлігінің астына қойылған жарылғыш заттың жарылуы салдарынан қаза тапқан.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей генералы бомбалы шабуылда қаза тапты
Іздеу
Жаңа ғаламшар табылды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Израиль Газада әскери дайындықты күшейтті
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтерге қарсы бірлескен әрекетке көшті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рубио Еуропадағы үш елге сапарын бастады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады