ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
"Бейбітшілік пен әділетке жету жолы отбасы арқылы өтеді"
Түркияның бірінші ханымының айтуынша, отбасы тек қоғамның негізгі бірлігі ғана емес, сонымен қатар тұрақты әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамудың негізгі элементі болып табылады.
"Бейбітшілік пен әділетке жету жолы отбасы арқылы өтеді"
/ AA

“Түркия бейбітшілікке, әділеттілікке және ортақ өркендеуге апаратын жол отбасы арқылы өтеді деп санайды”, деп мәлімдеді Түркияның бірінші ханымы Емине Ердоған.

Түріктің әлеуметтік желісі “NSosyal-да” жасаған мәлімдемесінде, Ердоған отбасының тек қоғамның негізгі бірлігі ғана емес, сонымен қатар тұрақты әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамудың негізгі элементі екенін атап өтті. Ол Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы апталығы аясында Түркияның Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрлігі ұйымдастырған "Бірге жақсырақ: Отбасына негізделген жаһандық ынтымақтастық" бағдарламасына қатысқанын білдірді.

Ол бағдарлама барысында отбасын қорғау және нығайту бойынша "ортақ жұмыс салаларын" талқылағандарын айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Емине Ердоған Газадағы балалар үшін ортақ мәлімдемеге қол қойды

"Отбасылық тәсілдер халықаралық ынтымақтастықты қалай нығайта алатынын, әлеуметтік тұрақтылыққа қалай үлес қосатынын және жергіліктіден жаһандыққа дейін өзгеріс күшіне айнала алатынын талқыладық," деп қосты Ердоған.

Емине Ердоған отбасы құндылықтардың тасымалдаушысы, балаларымыз үшін ең қауіпсіз пана және адамзаттың болашағы екенін атап өтті. Дағдарыстар, қақтығыстар және апаттар көлеңкесінде бізге бағытты отбасы береді” деді ол.

"Отбасын қаншалықты қорғай алсақ, соншалықты әділетті, бейбіт және өркендеген әлем құра аламыз," деп қосты Ердоған.

Сондай-ақ ол осы бағытта айтылған әрбір пікір мен ұсыныс отбасы институтын қорғауға арналған жаһандық қадамдарға шабыт беретініне сенім білдірді.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?