Хезболла Ливанды Израильге қарсы тұруға шақырды

Топ Израильді бітім шарттарын орындауға мәжбүрлеу үшін қысым жасауға шақырды.

By
Хезболла Ливанды Израильге қарсы тұруға шақырды / Reuters


Хезболла Ливан үкіметін Израильдің ұйымды қарусыздандыру жөніндегі қоқан-лоққыларын қабылдамауға шақырып, елде шиеленіс қаупі бар екенін ескертті.

Хезболланың парламенттік тобы таратқан мәлімдемеде
«Мақсат  -  27 қарашадағы атысты тоқтату келісіміне қарамастан, жау әлі де шегінбеген аумақтардағы Израиль оккупациясын тоқтату. Ливан билігі батыл әрекет етуі тиіс және әскерімізді, халқымызды кемсітуге әрі егемендігімізді бұзуға бағытталған Израильдің талаптарын орындамауы керек. Егер оккупация жалғасса, Ливан халқының оған қарсы тұруға құқығы бар. Бұл ˗ қосымша келісімді қажет етпейтін құқық», - делінген.

Бұл мәлімдеме Израильдің Ливандағы шабуылдарын Ливан үкіметінің жыл соңына дейін Хезболланы қарусыздандыру жоспарының жүзеге асырылуымен байланыстыруына жауап ретінде жасалды. Аталған мерзім бірнеше күннен кейін аяқталады.

Хезболла Израильдің атысты тоқтату келісімі аясындағы міндеттемелерін «ешбір кідіріссіз әрі шартсыз» орындауы үшін қысым көрсетілуін талап етті.

Израиль мен Ливан Газа соғысына байланысты бір жылдан астам уақытқа созылған шекаралық шабуылдардан кейін 2024 жылдың қарашасында атысты тоқтату туралы келісімге келген еді.

Израиль 4 мыңнан астам адамды өлтіріп, 17 мыңнан астамын жаралады.

Бітім шарттарына сәйкес, Израиль күштері қаңтар айында Ливанның оңтүстігінен толық шығуы тиіс болатын. Алайда бұл тек ішінара жүзеге асырылды. Шекара маңындағы бес бақылау бекетінде әлі де Израиль әскері бар.