Израиль Ливан аумағына басып кіруді жоспарлап отыр

Израиль бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтерге сәйкес, Израиль Ливан аумағында 8 шақырымға дейін ілгерілеуді көздейтінін хабарлады.

By
Израиль Ливан аумағына басып кіруді жоспарлап отыр / Reuters

Израиль медиасы Израиль Ливан аумағында 8 шақырымға дейін ілгерілеуді көздейтінін хабарлады.

«Kanal 14» арнасының мәліметінше, Израиль әскері Ливан аумағында 18 жаңа әскери база құруда. Бұл базалардың кейбірі Ливан аумағының ішкі бөліктерінде орналасқан.

Ақпаратта Израиль билік өкілдері Литани өзеніне дейінгі Ливан аумағын толық бақылауда ұстау туралы шешім қабылданғаны, тіпті кейбір аймақтарда ілгерілеу қарастырылғаны атап өтілді.

Бұл шешім Израиль армиясының  қорғаныс шебін шекарадан Ливан аумағына қарай кемінде 8 шақырымға дейін жылжытуды қамтитыны айтылды.

Ливандағы Литани өзені елдегі тау жоталары арасымен Бекаа аңғары арқылы ағып өтеді.

Израиль 2 наурыздан бері Ливанды бомбалап, оңтүстік Ливанға басып кірді. Ливан билігінің мәліметінше, Израиль шабуылдары салдарынан кемінде 1 072 адам қаза тауып, 2 966 адам жараланған.

Қазіргі шиеленіс 28 ақпаннан бері 1 340-тан астам адамның өліміне әкелген АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бастаған соғысы аясында күшейді. Тегеран Израильмен қатар Иордания, Ирак және Парсы шығанағы елдеріне ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымырандар арқылы қарымта шабуыл жасады.

Иранның мәліметінше, Парсы шығанағы елдеріне бағытталған шабуылдар АҚШ-тың әскери нысандарына бағытталған.