ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
Трамп «Genesis Mission» атты жасанды интеллект жобасын бастады
Ақ Үй АҚШ-тың жасанды интеллект инфрақұрылымын біріктіріп, ғылыми серпілістерді жеделдетуді мақсат ететін жобаны жариялады.
Трамп «Genesis Mission» атты жасанды интеллект жобасын бастады
Бұйрық жасанды интеллектіні жаһандық технологиялық бәсекелестіктің маңызды алаңы ретінде сипаттайды. / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп жасанды интеллектіні ғылыми жаңалықтарды жеделдету үшін пайдалануды көздейтін «Genesis Mission» атты ұлттық бастаманы құру туралы президенттік жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақ Үй хабарлады.

Дүйсенбі күні жарияланған жарлықта жасанды интеллект жаһандық технологиялық бәсекенің шешуші саласы ретінде сипатталды.

Жарлық мәтінінде: «Республикамыз құрылғаннан бері ғылыми жаңалықтар мен технологиялық жаңашылдық америкалық дамудың қозғаушы күші болды», – делінген.

Құжатта «Genesis Mission» жасанды интеллект арқылы жеделдетілген жаңашылдық пен жаңалықтардың жаңа дәуірін ашуға арналған үйлестірілген ұлттық бастама ретінде іске қосылып отырғаны хабарланды.

Жарлыққа сәйкес, бастаманы Энергетика министрлігі басқарады және ұлттық зертханалардың суперкомпьютерлерін, қауіпсіз бұлтты орталарды, жасанды интеллект агенттерін, болжамдық модельдерді және федералдық деңгейде жиналған әлемдегі ең ірі ғылыми деректер топтамасына қолжетімдікті біріктіретін ықпалдасқан Америкалық Ғылым және Қауіпсіздік платформасын құрады.

Жарлық Энергетика министрлігіне барлық қолжетімді федералдық есептеу және сақтау ресурстарын, соның ішінде өнеркәсіппен ықтимал серіктестіктерді 90 күн ішінде түгендеу жөнінде тапсырма береді. Ал пайдаланылатын алғашқы деректер топтамалары мен жасанды интеллект модельдік активтерін анықтау үшін министрлікке 120 күн уақыт берілген.

Платформа 270 күн ішінде іске қосылуы тиіс.

Іздеу
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Зеленский: «АҚШ Ресей мен Украина арасындағы соғысты бәсеңдетуге күш салып жатыр»
Араб коалициясы хоуситтердің шабуылдарына қарсы шара қабылдайтынын айтты
Катар АҚШ-Иран дағдарысын аймақтық диалог арқылы "біртіндеп еңсеруді" көздейді
ХАМАС Израильді Газа геноцидінің дәлелдерін жасыруға тырысты деп айыптайды
Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан алты адам жараланды
Фолькер Тюрк жаһандық дағдарыстарға байланысты үндеу жасады
Ресей: «Германия Бонндағы Бас консулдығымызды негізсіз сылтаумен жапты»
Ресей мен Украина келіссөздері қайта жандануы мүмкін
Түркияның волейболдағы жеңісі Италия баспасөзінде кеңінен талқыланды
Жаңа Делиде көпқабатты ғимарат опырылып, бес адам қаза тапты
БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінде Газа мәселесіне баса назар аударылды
Қытайдың Өзбекстан экономикасына әсері: Сауда көлемі өсуде, тапшылық артуда
Израиль Ливанға соққы берді
Иран Ормуз бұғазы маңында тыйым салынған аймақ жарияламақ