ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Бурханеттин Дуран Израильдің басқыншылығын «жүйелі геноцид" деп бағалады
Израильдің Газадағы геноцидіне екі жыл толуына байланысты Түркия Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының төрағасы халықаралық қоғамдастыққа әділеттің күйреуі мен тереңдеп бара жатқан гуманитарлық дағдарыс туралы ескерту жасады.
Бурханеттин Дуран Израильдің басқыншылығын «жүйелі геноцид" деп бағалады
Бурханеттин Дуран Израильдің басқыншылығын «жүйелі геноцид» деп бағалады. / Anadolu Agency

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының төрағасы Бурханеттин Дуран сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде 67 мыңнан астам адамның өмірін қиған қырғынды еске алып, Израильдің Газаға жасаған шабуылдарын геноцид және басқыншылық деп бағалады.

Ол «Nsosyal» платформасындағы жазбасында бұл тек палестиналықтардың  қасіреті емес, халықаралық тәртіп, құқық пен адами құндылықтар сынға түскен масқара жағдай екенін атап өтті. Ол сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың үнсіз қалуы әділет тетіктерінің күйрегенін тағы бір мәрте айқын көрсеткенін айтты.

Басқарма төрағасы Израильдің Газаға жасаған шабуылдары мен геноцидіне екі жыл толғанын еске салып, былай деді: «Бомбалау, қоршау және жүйелі қирату ондаған мың бейбіт тұрғынның, әйелдер мен балалардың өмірін қиды. Бүкіл әлемнің көз алдында бір халық өз жерінен, ең негізгі өмір сүру құқықтарынан айырылды. Газадағы жағдай - жай ғана қақтығыс емес,  бұл жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқан геноцид пен басқыншылық”.

Дуран Түркияның ақиқатты басынан бері ашық айтқанын және палестиналықтардың жанында екенін атап өтіп, «Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның жетекшілігімен, бұл ұстаным дипломатиялық алаңдарда, әрі гуманитарлық көмек бағытында табандылықпен жалғасып келеді. Палестина халқының жанайқайы естілгенше, әділет орнағанша бұл күрес тоқтамайды,» - деді.

Сондай-ақ ол өңірдегі гуманитарлық дағдарысты айқындайтын «Соңы жоқ геноцид: Газа» атты бейнеролик жариялады.

Іздеу
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы