МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
Анталиядағы Аспендос көне қаласында 2 мың жылдық көше табылды
Аспендос көне қаласындағы қазба жұмыстарының жетекшісі Мұстафа Билгиннің айтуынша, көшенің ені 3-5 метр аралығында. Ал көшенің шамамен 1 метр тереңдігінде кәріз жүйесі орналасқан.
Анталиядағы Аспендос көне қаласында 2 мың жылдық көше табылды
Аспендостағы қазба жұмыстары 2022 жылдан бері жүргізіліп келеді. / AA

Түркияның Жерорта теңізі жағалауындағы Анталия қаласында орналасқан Аспендос көне қаласында ежелгі театр мен акропольді жалғаған шамамен 2 мың жылдық көне көше жарыққа шығарылды.

Памфилия өңіріндегі ең маңызды көне қалалардың бірі саналатын Аспендостағы археологиялық қазба жұмыстарын 2022 жылдан бері Афьон Коджатепе университетінің Археология кафедрасының меңгерушісі Мұстафа Билгин басқарып келеді. Бұл жұмыстар Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің «Болашаққа мұра» жобасы аясында жаңа қарқын алды.

Қазба барысында театрды акропольмен байланыстыратын көне жолдың шамамен 300 метрлік бөлігі, жақсы сақталған нан пеші, қоғамдық ғимараттар, тұрғын үйлер, монументалды қақпа және дамыған инфрақұрылым жүйелері сияқты маңызды археологиялық олжалар табылды.

Мұстафа Билгин “Анадолы” агенттігіне берген сұқбатында бұрыннан бері театры және су құбырларымен танылған Аспендос енді акрополь аумағындағы монументалды құрылыстарымен де келушілерге жаңа әсер сыйлайтынын айтты.

Оның сөзінше, екі жылға созылған қазба жұмыстарынан кейін Театр көшесіндегі зерттеулер аяқталуға жақын.

«Енді келушілер театрдан бастап көне көшемен жүріп, акропольге көтеріле алады. Ежелгі дәуірде бұл Аспендос қаласының ең көп пайдаланылған ішкі көлік жолдарының бірі болған. Көше бойындағы қоғамдық ғимараттарды, тұрғын үйлерді және монументалды қақпаны негізінен толық ашып үлгердік», – деді ол.

Билгиннің айтуынша, қазба жұмыстары барысында Аспендостың сауда өміріне қатысты да маңызды деректер анықталды. Екі қабатты дүкендер мен стоа кешенінен Финикия тиындары және өңірге тән шыныдан жасалған иіссу құтылары табылған.

Ол бұл олжалардың Аспендостың Сирия және Палестина сияқты Жерорта теңізінің шығыс өңірлерімен сауда байланыстары болғанын дәлелдейтінін атап өтті.

Сонымен қатар археологтар анықтаған ежелгі нан пеші сол дәуірдегі күнделікті тұрмыс пен сәулет өнері туралы маңызды мәлімет береді. 

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады