ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Бельгия патшайымы Матильданы қабылдады
Бельгия патшайымы Матильданы Стамбулда қабылдаған президент Ердоған Кеден одағын жаңғырту Түркияның Еуропалық Одаққа мүшелік жолында жедел ілгерілету қажет негізгі бағыттардың бірі екенін мәлімдеді.
Президент Ердоған Бельгия патшайымы Матильданы қабылдады
Президент Ердоған Бельгия патшайымы Матильданы қабылдады / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған соңғы кезеңдегі өңірлік өзгерістер Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастың геосаяси маңызын тағы бір мәрте айқындағанын айтып, қазіргі жағдайға сай жаңартылатын Кеден одағы Түркияның Еуропалық Одаққа толық мүшелікке өту жолында жедел түрде ілгерілетуі қажет бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Президент бұл мәлімдемені дүйсенбі күні Стамбулда Бельгия патшайымы Матильдамен өткізген кездесу барысында жасады. Түркия Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының хабарлауынша, кездесу барысында Түркия-Бельгия арасындағы екіжақты қатынас, сондай-ақ өңірлік және жаһандық мәселелер талқыланған.

Коммуникация басқармасы «X» әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемеде: «Президент Ердоған Түркияның Еуропалық Одақтың қорғаныс бастамаларына қатысуы ортақ мүдделерімізге сай келетінін айтты», -  деп хабарлады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия-Бельгия бизнес форумы өтті

Ердоған сондай-ақ Түркия мен Бельгияның сауда, қорғаныс өнеркәсібі, энергетика және ауыл шаруашылығы сияқты көптеген салада елеулі ынтымақтастық әлеуетіне ие екенін айтып, екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.

Түркияның халықаралық аренадағы дипломатиялық рөлінің артып келе жатқанын атап өткен Ердоған елдің биыл 7-8 шілдеде Анкарада НАТО-ға мүше мемлекет басшыларының саммитін, ал 9-20 қараша аралығында «COP31» климат конференциясын өткізетінін айтты.

Түркия президенті жасыл энергетикаға көшу Бельгиямен ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі екенін айтып, Түркияның жаңартылатын энергия бойынша орнатылған қуат көлемі жөнінен Еуропаның жетекші елдерінің қатарында екенін атап өтті.

Ердоған кездесу барысында Бельгия патшайымы Матильданың түрік іскер топтарымен жасаған байланыстары нақты нәтижелерге ұласатынына үміт білдірді.

Іздеу
Украина Ресейдегі стратегиялық нысандарға соққы берді
Түркия АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімді құптады
Батыс Шерияда үш жыл ішінде 1 244 палестиналық қаза тапты
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
НАТО саммиті қарсаңында маңызды жиын өтті
АҚШ НАТО-ның Еуропадағы операцияларын қысқартпақ
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
Президент Ердоған: «Түрік Қызыл жарты ай ұйымы жаһандық қызметімен ерекшеленеді»
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі