Оңтүстік Корея Қытай мен Жапонияға делдал болмақ

Президент Ли мемлекетінің мүмкін болған барлық салада делдалдық рөл атқара алатынын айтты. Журналистермен кездесу Сеулде өтті.

By
Сеулдегі баспасөз мәслихатында Президент Ли өз елінің мүмкіндігінше делдалдық рөл атқара алатынын мәлімдеді. / AP

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ-мён Қытай мен Жапония арасындағы ушығып келе жатқан жағдайды бәсеңдету үшін делдалдық ұсынды. “Yonhap” агенттігінің хабарлауынша, Лидің бір тарапты таңдауы жағдайды одан сайын ушықтыруы мүмкін.

Президент Ли мемлекетінің мүмкін болған барлық салада делдалдық рөл атқара алатынын айтты. Журналистермен кездесу Сеулде өтті.

Ли: «Тарап таңдау жанжалды тек тереңдетеді. Бұл — жеке қатынастарда да, халықаралық қатынастарда да солай. Оның орнына бірге өмір сүрудің жолдарын іздеуіміз керек», -деді.

Екі ел арасындағы шиеленіс өткен айда Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити Қытайдың Тайваньға мүмкін шабуылы Жапония үшін «заңдық тұрғыдан өмірлік қауіп» туғызуы мүмкін екенін, бұл жағдай Токиоға «ұжымдық қорғаныс құқығын» қолдануға мүмкіндік беретінін айтқаннан кейін күшейе түсті.

Қытай бұл мәлімдемелерді қатаң сынға алды, азаматтарына Жапонияға бармауға кеңес берді, теңіз өнімдері импортына тыйым салды және Жапония мен Оңтүстік Корея мәдениет министрлері арасында жоспарланған үшжақты кездесуін кейінге қалдырды.