«Түркияның қорғаныс жүйесі қарқынды жұмыс істеуде»

Министрлік Қаратеңіз үстінде бір ұшқышсыз ұшу аппараты атып түсірілгеннен кейін, Түркияның әуе кеңістігі тәулік бойы (7/24) толық бақылауда екенін мәлімдеді.

By
«Түркияның қорғаныс жүйесі қарқынды жұмыс істеуде» / AA

Түркия Республикасының Ұлттық қорғаныс министрлігі Қаратеңіз үстінде бір ұшқышсыз ұшу аппараты атып түсірілгеннен кейін елдің әуе қорғаныс жүйелерінің қарқынды жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Министрлік бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде «Ұшқышсыз ұшақ аппараты өте ұсақ бөлшектерге бөлініп, кең аумаққа шашыраған. Сондықтан қалдықтарды біртұтас күйінде анықтау қиынға соғуда», -  деді.

Министрліктің мәліметінше, Түркияның әуе кеңістігі радар, ерте ескерту, электрондық соғыс және тосқауыл қою элементтерін қамтитын жан-жақты әрі интеграцияланған архитектура арқылы тәулік бойы (7/24) бақылауда.

Сондай-ақ министрлік Қаратеңіздің қауіпсіздігі үшін тараптарды барынша сақ болуға шақырғанын мәлімдеді.

Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі дүйсенбі күні Қаратеңіз үстінде Түркияның әуе кеңістігіне жақындап келе жатып бақылаудан шыққаны анықталған бір ұшқышсыз ұшу аппаратының атып түсірілгенін хабарлаған болатын.

Министрлік Түркияның «Nsosyal» әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қаратеңіз арқылы Түркия әуе кеңістігіне жақындаған бір әуе нысанының анықталғанын және оның бақылауға алынғанын мәлімдеді.

Дүйсенбі күнгі мәлімдемеде әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында НАТО мен Ұлттық бақылаудағы «F-16» ұшақтарының дабыл қаққаны айтылды.

Мәлімдемеде сондай-ақ «Аталған әуе нысаны бақылаудан шыққан бір ұшқышсыз ұшу аппараты екені анықталды. Жағдайдың алдын алу үшін ұшқышсыз аппарат елді мекендерден ұзақ, қауіпсіз аймақта атып түсірілді», - делінген.