АҚШ конгрессмені Трампқа: «Америкалықтарды өлтірдіңіз» деді
АҚШ президенті Дональд Трамп пен АҚШ Конгресінің мүшесі Ильхан Омар Конгрестегі шиеленіс кезінде көші-қон саясатына байланысты бірін-бірі айыптады.
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Конгресс мүшесі Ильхан Омар арасында шиеленісті пікірталас болды. Трамп демократ депутаттарды көші-қон саясаты бойынша сынға алып, шекара қауіпсіздігін қолдамады деп айыптады.
Трамп сейсенбі күні Конгрестің бірлескен отырысындағы Одақтың жағдайы туралы баяндамасында депутаттарды өз әкімшілігінің «негізгі қағидаты» деп сипаттаған ұстанымды қолдаса, орындарынан тұруға шақырды.
АҚШ президенті: «Одақтың жағдайы туралы баяндаманың ең маңызды тұстарының бірі – америкалықтарға өз өкілдерінің шын мәнінде нені қолдайтынын анық көруге мүмкіндік беру. Сондықтан бүгін әрбір депутатты менің әкімшілігіммен бірге негізгі қағидатты қайта растауға шақырамын. Егер осы мәлімдемемен келіссеңіздер, орындарыңыздан тұрып, қолдауларыңызды көрсетіңіздер. Америка үкіметінің бірінші міндеті – заңсыз мигранттарды емес, Америка азаматтарын қорғау», - деді.
Демократ депутаттар орындарынан тұрмады, ал Трамп мінберден оларға қатаң жауап қатты. Трамп: «Тұрмағандарыңыз үшін өздеріңізден ұялыңыздар», - деді.
Дональд Трамп Конгресті «баспана қала» деп аталатын саясатқа нүкте қоюға және ауыр айыптауларға тап болған құжатсыз мигранттарды депортациялауға кедергі келтіретін мемлекеттік қызметкерлерге жаза қолдануға шақырды.
Трамп сөйлеп тұрған сәтте Миннесотадан сайланған демократ депутат Ильхан Омардың айқайлағаны естілді.
Омар: «Сіздер америкалықтарды өлтіріп жатырсыздар. Америкалықтарды өлтірдіңіздер. Ұялуларыңыз керек » - деп айқайлады.