Нетаньяху өзінің әскери хатшысы Роман Гоффманды Моссад директоры етіп тағайындады
Бес жылдық қызмет мерзімі 2026 жылы аяқталатын Дэвид Барнеаның орнына Роман Гоффман Моссадтың басшысы болады.
Роман Гоффманды Моссад директоры етіп тағайындады / Reuters
Беньямин Нетаньяху шетелдегі операцияларға жауапты барлау қызметі Моссадтың жаңа басшысы етіп өзінің әскери хатшысы, генерал-майор Роман Гоффманды тағайындады.
Нетаньяху кеңсесі "Әртүрлі кандидаттарды сұхбаттан өткізгеннен кейін, Беньямин Нетаньяху Мемлекеттік барлау ұйымы Моссадтың директоры лауазымына өзінің әскери хатшысы, генерал-майор Роман Гоффманды тағайындауға шешім қабылдады", — деп хабарлады.
Гоффман қазіргі Моссад басшысы Дэвид Барнеаның орнын басады. Мәлімдемеде айтылғандай, Барнеа бес жылдық қызметі 2026 жылғы маусым айында аяқталады.