Иран АҚШ күштері коммерциялық кемені басып алғаннан кейін жауап қайтарылатынын мәлімдеді

Иранның «Hatem el-Enbiya» әскери штабы АҚШ күштерінің коммерциялық кемені басып алғанын растады және бұл әрекетті «теңіз қарақшылығы» деп бағалап, оған жауап қайтаратынын мәлімдеді.

By
Иран АҚШ күштері коммерциялық кемені басып алғаннан кейін жауап қайтарылатынын мәлімдеді / Reuters

«Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның «Hatem el-Enbiya» әскери штабы Оман шығанағында АҚШ әскері тарапынан бір кемеге жасалған шабуылды растаған. Тегеран Иран туы бар кеменің басып алынуын «теңіз қарақшылығы» деп атап, бұл әрекетке жақын арада жауап берілетінін мәлімдеді.

Әскери штабтың мәлімдеуінше, басқыншы Америка бітімді бұзып, Оман теңізінде Иранның коммерциялық кемелерінің біріне оқ жаудырып, навигациялық жүйесін істен шығарған.

«Қарулы тонау»

Иранның жоғары әскери қолбасшылығы Иран Ислам Республикасының Қарулы күштері АҚШ армиясының шабуылына жауап қайтаратынын ескертті.

Ирандық шенеуніктер оқиғадан кейін ирандық күштердің АҚШ-тың кейбір әскери кемелеріне ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Мәлімдемеде «Иран Ислам Республикасының Қарулы күштері бұл қарулы қарақшылыққа жақын арада жауап беріп, қарымта шара қолданатынын ескертеміз», – делінген.

Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиғаны бітімнің тікелей бұзылуы ретінде бағалап отыр.