Әлеуметтік тұзақ: 5 әйел «Үлкен бестікке қарсы»
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
Әлеуметтік тұзақ: 5 әйел «Үлкен бестікке қарсы»Экранға тәуелділік трагедияға әкеп соғады. Бес әйел халық денсаулығы дағдарысының артында тұрған технология алыптарымен бетпе-бет келді.
«Әлеуметтік тұзақ: 5 әйел «Үлкен бестікке» қарсы

Күніне бес сағаттан көп уақыт бойы смартфон пайдаланатын жасөспірімдердің телефонды күніне тек бір сағат қана қолданатындармен салыстырғанда, суицидтік белгілер көрсету ықтималы 66% жоғары. Қазіргі уақытта АҚШ-тағы 44 штат тұтас бір ұрпақтың бастан кешіріп жатқан қиындықтары үшін «Meta» компаниясын айыптап, сотқа шағым түсірді.

«Meta», «TikTok», «Snapchat», «X» және «Discord» сияқты қуатты технология алыптарына қарсы балаларды және олардың балалық шағын қалай қорғай аламыз?

Тарихта алғаш рет АҚШ пен Еуропадағы штат заң шығарушылары мен ата-аналар бұл цифрлық алыптарға қарсы күресу үшін күш біріктіруде. Алексис, Элизабет, София, Лор және Сочеата бсекілді бес әйел Үлкен бестікке қарсы күресу үшін өмірлерін түбегейлі өзгертуді тәуекелге тігіп отыр.

Олар — жәбірленуші, ана, дәрігер және заңгер. Барлығы болашақ ұрпақтың тағдырын өзгертуді мақсат еткен қозғалыстың алдыңғы шебінде тұр.

Экранға тәуелділіктің құрбаны болған Алексис «суицидке итермелеу» айыбымен «Meta-ны» сотқа берген алғашқы адамдардың бірі болды. Элизабет — үш баланың анасы. Бірнеше күн ішінде оның «телефонсыз жастық шақ» үшін күресу мақсатында құрылған «WhatsApp» тобына 10 мыңнан астам ата-ана қосылды. Осының нәтижесінде штат мектептерде смартфон пайдалануға тыйым салды. София — арасында жеті жасар балалар да бар жағдайларды емдейтін, балалардағы экранға тәуелділікті емдеудің жетекшілерінің бірі, психиатр. Ал Сочеата ұлының желідегі арсыз сипаттағы қысым көрсетушіден зардап шегуінен кейін бұл күреске араласты. Ол педофилдердің ізіне түсу үшін киберқылмыс полициясымен бірлесе жұмыс істейтін ұйымға қосылды. Лор болса «Үлкен бестікті» қорғайтын заңдарды өзгертуге бел байлаған заңгер.

Осы әйелдердің күресі арқылы цифрлық бақылаудың шегінің біз елестеткеннен де асып түсетін, халық денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін үлкен мәселе екенін түсінеміз.

Элиза Жадо - Режиссер

Элиза Жадо мен оның соңғы деректі фильмінде бой көрсететін бес әйел ортақ күресті бөліседі: балалардың санасы мен өмірін бақылау үшін тасада жұмыс істейтін Үлкен Технология (Big Tech) компанияларының қарқынды таралып жатқан ықпалына қарсы тұру. Илон Маск сияқты есімдердің де назарын аударған және Марк Цукербергтің фактілерді тексеруге қатысты соңғы қоғамдық ұстанымы да көрсеткендей, бұл барған сайын белең алып бара жатқан құбылысты елеусіз қалдыру күн санап қиындап келеді.

Осы фильм арқылы Элиза бес әйел бастаған белсенділіктің жаңа толқынына, олардың технология алыптарының күшіне қарсы шығу және балаларды бұл алыптар тудыратын қауіптерден қорғау жолындағы ауытқымас табандылығын бейнелейді.

Деректі фильм жарық көргеннен кейін Элиза заң жобасына үлес қосу үшін Франция Ұлттық Ассамблеясында сөз сөйлеуге шақырылды.

 

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді