ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
"Газа қан мен көз жасына тойды"
Мәжілістің жаңа заң шығару жылының беташарында Түркия президенті Газаға мызғымас қолдау көрсететінін айтты.
"Газа қан мен көз жасына тойды"
"Газа қан мен көз жасына тойды" / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: «Газа қан мен көз жасынан шаршады», – деп, Израильдің анклавқа қарсы соғысын дереу тоқтатуға шақырды.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің жаңа заң шығару жылының беташарында сөйлеген сөзінде ол Газадағы жағдайды «геноцид» деп атап, Түркияның палестиналық халықтың жанында екенін баса айтты.

Ердоған әлемнің «ең заманауи қарулардың» Газадағы халыққа қарсы қолданылғанын айтып, Газаның «батыр ұлдарының» тойтарысын мақтады.

Ол Түркияның дипломатиялық және гуманитарлық күш-жігерін атап өтіп, «Біздің берік ұстанымымыз Түркияны өз дәуірінің моральдық шамшырағына айналдырып, тарихта алтын әріптермен жазады», – деді.

Түркияның ұзақ уақыттан бергі ұстанымын қайталаған Ердоған 1967 жылғы шекаралар негізінде астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз Палестина мемлекетін құру үшін күресуге уәде берді.

Газадағы тұрақты бейбітшілік алдымен Ислам әлемінің, содан кейін жаһандық қауымдастықтың міндеті екенін атап өткен ол «өзеннен теңізге дейін бейбітшілік, тыныштық және қауіпсіздік орнайтын әдемі күндер келеді» деген үмітін білдірді.

Іздеу
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр