АҚШ Ауғанстанды «заңсыз қамауға алуды қолдайтын мемлекет» деп жариялады
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ауғанстандағы уақытша Талибан үкіметі АҚШ азаматтары мен басқа шетел азаматтарын негізсіз қамауда ұстауды жалғастырып отырғандықтан, америкалықтардың Ауғанстанға баруы қауіпті екенін мәлімдеді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ауған үкіметінің әрекеттеріне байланысты Ауғанстан «заңсыз қамауға алуды қолдайтын мемлекет» деп танылғанын хабарлады.
Рубио дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде: «Бүгін Ауғанстанды заңсыз қамауға алуды қолдайтын мемлекет деп жариялаймын. Талибан террористік тәсілдерді қолдануды жалғастырып, ақша талап ету немесе саяси жеңілдіктер үшін адамдарды ұстап әкетуде. Мұндай арсыз әрекеттер тоқтатылуы тиіс», – деді.
Бұл шешім америкалықтар мен басқа да шетел азаматтарының негізсіз ұсталып отырғаны туралы ақпараттан кейін қабылданды.
Рубио сондай-ақ Ауғанстанның АҚШ азаматтары үшін әлі де қауіпті ел болып қала беретінін ескертіп, «Америкалықтардың Ауғанстанға баруы қауіпті, өйткені Талибан америкалықтарды және басқа да шетел азаматтарын негізсіз қамауда ұстауды жалғастырып отыр. Талибан дереу Деннис Койлды, Махмуд Хабибиді және Ауғанстанда заңсыз ұсталып отырған барлық америкалықтарды босатуы тиіс. Сонымен қатар кепілге алу дипломатиясын толық тоқтатуға міндеттеме алуы керек», – деді.