САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Анкарада өтіп жатқан НАТО Лидерлер саммитіне қатысқан Венгрия премьер-министрі Петер Мадьяр Украина мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады.
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді

Венгрия премьер-министрі Петер Мадьяр саммит алдында баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында Венгрия халқының «НАТО-ның қуаты мен бірлігіне» сенетінін жеткізді.

«НАТО-ның бірге болуы — бәріміздің ортақ мүддеміз және біз Венгрияны сенімді одақтас ретінде қайта танытуға ниеттіміз», — деген Мадьяр Венгрия үкіметінің қорғаныс шығыстарын арттыру туралы шешім қабылдағанын және 2035 жылға қарай 5 пайыздық мақсатқа қол жеткізетіндерін атап өтті.

Ресей-Украина соғысына баға берген Мадьяр «Украина — зардап шегуші, ал Ресей — қатыгез агрессор. Украина өз жері мен аумақтық тұтастығын қорғауға толық құқылы. Біз Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырамыз, бірақ бұған дейін де бірнеше рет мәлімдегеніміздей, Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді», — деді.

Мадьяр Украина президенті Владимир Зеленскиймен қысқаша кездесу өткізгенін және алдағы уақытта екіжақты келіссөздер жүргізуге уағдаласқандарын айтты.

Іздеу
Президент Ердоған Катарға барады
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?
2016 жылғы 15 шілдедегі сәтсіз төңкеріс әрекеті барысында әшкереленген "Bylock-тағы" иерархия
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түркия Ұлттық барлау ұйымы Талип Гүлерді қолға түсірді
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
ЕО мен Бахрейн стратегиялық серіктестік жөніндегі келіссөздерді бастады
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Ресей: «Украинаның дрон шабуылдарынан 3 адам қаза тапты»
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді