ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Италияда "Sumud" флотилиясына байланысты шерулер жалғасуда
Италияның Рим, Милан және өзге қалаларында мыңдаған адам шеруге шықты. Кәсіподақтар Газаға гуманитарлық көмек жеткізген белсенділерге қолдау көрсету мақсатында халықты ереуілге шақырды.
Италияда "Sumud" флотилиясына байланысты шерулер жалғасуда
Италияда «Sumud» флотилиясына байланысты шерулер жалғасуда / Reuters

Италияда мыңдаған адам Газаға гуманитарлық көмек жеткізген флотилияға қолдау білдіру үшін көшеге шықты. Наразылық шерулері ұлттық ереуілден бір күн бұрын өтті. Үкімет бір күн бұрын Израильдің Газа блокадасын бұзу әрекетін сынаған болатын.

Рим полицияның хабарлауынша, шамамен 10 мың адам Колизейден қала орталығына дейін жүріп өтіп, премьер-министр Джорджа Мелонидің Израильге берген қолдауын айыптады. Наразылық акциялары Милан, Турин, Флоренция және Болонья қалаларында болды.

Рим қалалық кеңесінің мүшесі Лоренцо Джардинетти шеруге қатысып, былай деді: “Флотилия Газа мәселесіне қайта назар аудартты, екі жылға созылған соғыс пен қырғыннан кейін ұйқыдағы ар-ожданды оятты". Ол сөзін: "Бүгін Колизей, ертең жалпы ереуіл... Бұл – флотилия белсенділері қалағандай өзімізді көрсетудің жолы”, - деп жалғады.

Миланда шамамен 5 мың адам Дуомо алаңына жиналып, қарбалас уақытта қозғалысты бөгеді. Наразылар: "Бәрін тоқтатуға дайынбыз. Геноцид машинасы қазір тоқтауы керек," - деп ұрандатты.

Теміржол операторы “Trenitalia” Флоренция мен Болоньяда шерушілер теміржол желілерін басып алғаннан кейін пойыз қатынасының тоқтатылғанын растады.

Ереуіл мен қамауға алу

Италиядағы кәсіподақтар, соның ішінде “Unione Sindacale di Base” жұма күні халықты жалпыұлттық ереуілге шақырды. Ұйым өз мәлімдемесінде: “Израиль халықаралық құқықты бұзып отыр. Барлығын тоқтататын уақыт келді”, – деді.

Премьер-министр Джорджа Мелони бейсенбі күні таңертең Израильдің флотилиядағы 40 Италия азаматын қамауға алғанын хабарлады. Ол журналистерге: “Бұл азаматтардың ең қысқа мерзімде Италияға оралуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бірақ осының бәрі Палестина халқына ешқандай пайда әкелмейді деп ойлаймын”, – деді.

Италия Сыртқы істер министрі Антонио Таяни парламентте сөйлеген сөзінде флотилия мүшелерінің барлығы келесі апта Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайына жеткізіліп, кейін елдеріне жіберілетінін айтты. Сондай-ақ ол: “Израиль армиясы операция кезінде ешқандай күш қолданбаған және басқа келеңсіз жағдай болмаған”, – деп мәлімдеді.

Жаһандық “Sumud”  флотилиясының құрамында Италияның екі депутаты мен екі Еуропарламент мүшесі бар. Ұйымдастырушылар флотилияның халықаралық су айдынында заңсыз шабуылға ұшырағанын мәлімдеді.

ҚатыстыТоқтатылған флот кемелерінің саны артуда - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Әсіре оңшыл коалицияны басқаратын Мелони бұған дейін бұл флотилияны «қауіпті бастама» деп сипаттаған болатын. Ол сейсенбі күнгі сөзінде флотилияның тоқтауын және АҚШ президенті Дональд Трамптың Израильдің Газаға соғысын тоқтату жоспарына кедергі келтірмеуін талап еткен болатын.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?