Мұнай бағасы артты
Халықаралық энергетика агенттігіне мүше елдердің 400 миллион баррель төтенше мұнай қорын пайдалану туралы шешіміне қарамастан, Ормуз бұғазындағы тасымалға қатысты алаңдаушылық мұнай бағасының өсуіне себеп болды.
Әл-Жазира телеарнасының хабарлауынша, Халықаралық энергетика агенттігіне мүше 32 ел төтенше қорларынан 400 миллион баррель мұнайды пайдалануға беру туралы келісімге келгеніне қарамастан, бейсенбі күні мұнай бағасы барреліне 101 доллардан асты.
«Ормуз бұғазы тасымалы ұзақ уақытқа тоқтауы мүмкін» деген алаңдаушылық бәсеңдемегендіктен, Халықаралық эталон болып саналатын «Brent» мұнайы шамамен 20 пайызға қымбаттады.
«Brent» мұнайының бағасы АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы басталғанға дейінгі бағамен салыстырғанда 38 пайызға өсіп, Түркия уақыты бойынша 02:00-де барреліне шамамен 101 доллар деңгейіне жетті.
Халықаралық энергетика агенттігінің басшысы сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде, ұйымға мүше елдердің Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан тұрақсызданған энергия нарығын қалыпқа келтіру үшін стратегиялық қорларынан 400 миллион баррель мұнайды пайдалануға келіскенін айтты.