Ең ыстық жылды бастан өткердік

2025 жыл үшінші ең ыстық жыл болды.

By
Өрт сөндіруші Испанияның Вилар-де-Кондес қаласындағы орман өртінен көтерілген түтін мен жалынды сөндіру үшін шланг қолдануда. [Мұрағаттан] / Reuters

Еуропалық Одақ ғалымдарының мәліметінше, 2025 жылы жаһандық температуралар рекордтық деңгейге шығап, Жер шары тарихтағы үшінші ең ыстық жылды бастан өткерді.

ЕО ғалымдарының айтуынша, 2025 жылы планетаның орташа температурасы үш жыл қатарынан 1,5 °C межесінен асып, бұл көрсеткіш бақылаулар басталғалы бергі ең ұзақ кезеңге айналды.

Еуропалық Одақтың Орта мерзімді ауа райын болжау жөніндегі еуропалық орталығы (ECMWF) сәрсенбі күні жариялаған деректерге сәйкес, соңғы үш жыл бақылау жүргізіле бастағалы бергі ең ыстық үш жыл болып тіркелді.

Тіркелген ең ыстық жыл 2024 жыл болды.

Экстремалды ауа райы құбылыстары

ECMWF мәліметінше, Жер шары алғаш рет орташа жаһандық температура индустрияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,5 °C-тан жоғары болған үш жылдық кезеңді бастан өткерді. Ғалымдардың бағалауынша, дәл осы шек климаттың өзгеруі ауыр, ал кейбір жағдайда қайтымсыз салдарға әкелетін межені білдіреді.

Үкіметтер 2015 жылғы Париж келісімі аясында индустрияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда орташа жаһандық температураның ұзақ мерзімде 1,5 °C-тан аспауына күш салуға міндеттенген болатын.

Алайда ECMWF дерегінше, парниктік газдар шығарындыларын азайтудағы сәтсіздік 2030 жылға дейін-ақ бұл межеден асу мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бұл — Париж келісімі қабылданған кездегі болжамдардан шамамен он жыл ертерек.