ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Иран Ормуз бұғазын жапқанын хабарлады
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ-тың Иранға жасаған жаңа шабуылдарынан кейін стратегиялық маңызы зор Ормуз бұғазының «барлық кемелер үшін жабылғанын» жариялады.
Иран Ормуз бұғазын жапқанын хабарлады
Ислам революциясы сақшылар корпусы Ормуз бұғазының толық жабылғанын жариялады. (Сурет: Мұрағат) / Reuters

Сақшылар корпусы бейсенбі күні таңертең өзінің ресми “Telegram” арнасындағы мәлімдемесінде: «Өңірдегі қауіпсіздік жағдайының нашарлауына байланысты Ормуз бұғазы мұнай танкерлері мен сауда кемелерін қоса алғанда, барлық кемелер үшін жабылды», – деп хабарлады.

Мәлімдемеде сондай-ақ: «Бұғаз арқылы өтуге әрекет жасаған кез келген кеме нысанаға алынады», – делінген.

Соғыс салдарынан бұл маңызды теңіз жолындағы қозғалыс соңғы айларда айтарлықтай азайған. “JPMorgan” қаржы деректеріне сәйкес, бұғаз арқылы өтетін кеме саны соғысқа дейінгі деңгейдің шамамен 15 пайызына ғана жетеді.

Қақтығыс басталғалы бері Иран Ислам революциясы сақшылар корпусынан арнайы рұқсат алмай өңір арқылы өтетін кез келген кемеге соққы беруі мүмкін екенін бірнеше рет ескерткен еді.

Өткен айда элиталық әскери құрылым осы стратегиялық теңіз дәлізі арқылы өтетін халықаралық сауда кемелеріне арналған жаңа қатаң ереже мен хаттамаларды жариялаған болатын.

Толық қоршау

Ислам революциясы сақшылар корпусының толық қоршау туралы мәлімдемесі Вашингтонның Иранның оңтүстігіндегі Хормозган провинциясына жасаған соңғы шабуылдарынан кейін жарияланды.

Сақшылар корпусы АҚШ-тың сауда кемелерінің бұғаз арқылы қауіпсіз өтіп жатыр деген мәлімдемелерін де үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Бұл оқиғалар Иран бұқаралық ақпарат құралдарының Бендер-Аббас, Минаб, Джаск, Кешм және Сирик қалаларын қоса алғанда елдің оңтүстігіндегі бірнеше ауданда кең ауқымды жарылыс, әуе қорғаныс жүйелерінің белсенді жұмысы және кенеттен жасалған әуе шабуылдары туралы хабарлауынан кейін болды.

Бұған дейін АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) америкалық күштердің Иран аумағындағы бірнеше әскери нысанға жаңа соққылар бергенін хабарлаған еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран АҚШ-тың 18 ірі әскери нысанына қарымта соққы берді
Іздеу
НАТО-ның Анкара саммитінің декларациясы жарияланды
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Кремль: "Біз Анкарадағы НАТО саммитін мұқият қадағалап отырмыз"
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті