Ресей шабуылынан Киевте төрт адам қаза тапты

Украина Әуе күштері Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан кейін бүкіл Украина зымыран қаупінде екенін айтып, ескерту жасады. Ресми мәліметтерге сәйкес, шабуыл салдарынан көптеген бейбіт тұрғын жараланған.

By
Ресей шабуылынан Киевте төрт адам қаза тапты / Reuters

Киев мэрі Виталий Кличконың хабарлауынша, Украина астанасына бағытталған Ресей шабуылдарынан кемінде төрт адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған.

Кличко «Telegram» арнасында: «Киевте төрт адам көз жұмды. 10 адам жараланды. Олардың бесеуі ауруханаға жеткізілді, қалғандарына оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді», - деп жазды.

Ресей түні бойы Украинаның басқа қалаларын да нысанаға алған. Шабуыл жасалған қалалардың бірі ˗ елдің шығысындағы Харьков қаласы.

Ал Украина Әуе күштері таратқан мәлімдемеде «Дұшпанның шабуылдаушы ұшқышсыз әуе аппараттарының Киевке бағытталған ауқымды шабуылы жалғасуда»,- делінген.

Әуе күштері сондай-ақ бүкіл Украина аумағының зымыран қаупі астында екенін растады.