СПОРТ
2 ... минут оқылды
Әлем чемпионатына 48 елден 1248 футболшы қатысады
2026 жылғы FIFA Әлем чемпионатына 48 елдің намысын қорғайтын 1248 ойыншы қатысады. Олардың 891-і турнирде алғаш рет өнер көрсетеді. Кабо-Верде, Кюрасао, Иордания және Өзбекстан әлем чемпионатына тұңғыш рет жолдама алды.
Әлем чемпионатына 48 елден 1248 футболшы қатысады
Әлем чемпионатына 48 елден 1248 футболшы қатысады

FIFA мәліметінше, АҚШ, Канада және Мексикада өтетін турнирге қатысатын 48 құраманың 1248 ойыншысы анықталды.

Ұйымның хабарламасында «Бұл турнир — жаһандық ауқымдағы маңызды кезең және бұрын-соңды болмаған деңгейде көптеген елге, ойыншыға және жанкүйерге мүмкіндік береді», – делінген.

357 ойыншы әлем чемпионатына қайта оралады

Бұған дейін кемінде бір рет әлем чемпионатының құрамына енген 357 футболшы осы турнирге шақырылды. Ал 891 ойыншы әлем чемпионатында алғаш рет өнер көрсетеді.

Турнирдегі жасы ең үлкен ойыншы – шотландиялық қақпашы Крейг Гордон (43 жас 162 күн), ал ең жас қатысушы – мексикалық жартылай қорғаушы Хильберто Мора (17 жас 240 күн). Екеуінің жас айырмашылығы 25 жылдан асады.

Жарысқа 20 жасқа толмаған 22 ойыншы және 40 жастан асқан 7 футболшы қатысады.

Сонымен қатар бұған дейін әлем чемпионы атанған 22 футболшы да турнирге қайта оралады.

Кабо-Верде, Кюрасао, Иордания және Өзбекстан алғаш рет қатысады

Кабо-Верде, Кюрасао, Иордания және Өзбекстан FIFA Әлем чемпионатына тарихта алғаш рет қатысады.

Гана құрамасының португалиялық бас бапкері Карлуш Кейруш та ерекше жетістікке қол жеткізбек. Ол бұған дейін 2010 жылы Португалияны, ал 2014, 2018 және 2022 жылдары Иран құрамасын әлем чемпионаттарына бастап барған. Осылайша ол 1986–2002 жылдары бес турнирге қатарынан қатысқан Бора Милутиновичтен кейін мұндай көрсеткішке жеткен екінші бапкер атанады.

Месси, Роналду және Очоа алтыншы рет қатысады

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси, Португалия жұлдызы Криштиану Роналду және Мексика құрамасының қақпашысы Гильермо Очоа FIFA Әлем чемпионатына алтыншы рет қатысуға дайындалуда.

FIFA Әлем чемпионатының регламентіне сәйкес, команда құрамындағы ойыншыны ауыр жарақат немесе сырқат жағдайында алғашқы матч басталғанға дейін 24 сағат бұрын ауыстыруға рұқсат етіледі.

Іздеу
Әлем чемпионаты: АҚШ Иран делегациясына қатысты шектеулерді түсіндірді
Түркия ұлттық құрамасы АҚШ-та
Әлем чемпионатына қатысатын Түркия құрамасының футболшылары белгілі болды
Түркия құрамасының келесі қарсыласы – Солтүстік Македония
Арда Гүлер Чемпиондар лигасының ең жарқын ойыншысы атанды
8-ші Этноспорт мәдениет фестивалі басталды
«Барселона» клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль Палестина туын желбіретті
Дүбірлі додаға 5 апта қалды
«FIFA»: «Иран құрамасының Әлем чемпионатындағы ойындары АҚШ-та өтеді»
«FIFA» президенті Иранның Әлем чемпионатына «міндетті түрде» қатысатынын айтты
Түркия футбол құрамасы Румынияны жеңді
Галатасарай өз алаңында жеңіске жетті
FIFA билеттері қырық есеге дейін жоғары бағамен сатылуда
Түркия жұлдызы Альперен Шенгүн «NBA All-Star» құрамында
Түркияның баскетбол жұлдызы «Балқанның жыл спортшысы» марапатына үміткер
Палестина Араб кубогынан шығып қалды
Палестина Араб Кубогында Катар командасын жеңді
47-ші Стамбул марафонына 126 елден 41 мыңнан астам спортшы қатысты
Топрак Разгатлыоглу үшінші рет әлем чемпионы атанды
Түрік сүңгуір Шахика Ержүмен Газаға арнаған сүңгуімен әлемдік рекорд орнатты