ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Болгария астанасы Софияда өткен кездесулер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың көптеген стратегиялық салада одан әрі дамытылуы мүмкін екенін көрсеткенін мәлімдеді.
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Болгария Сыртқы істер министрі Велислава Петрова-Шамова София қаласында баспасөз мәслихатында. / AA

Фидан Болгарияға жасаған сапарының екі көрші ел арасындағы байланыстардың беріктігін және ынтымақтастықты ілгерілетуге деген ортақ ұмтылысты тағы бір мәрте растағанын атап өтті.

Бейсенбі күні Софияға сапары аяқталғаннан кейін “X” әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде министр:

«Бұл сапар халықтарымыз арасындағы берік байланыстардың бүгінгі күнді ғана емес, ортақ болашағымызды да қалыптастырып отырғанын тағы бір рет көрсетті», - деді.

Фидан Түркия мен көрші әрі одақтас Болгарияны терең тарихи, гуманитарлық және мәдени байланыстар біріктіретінін атап өтіп, бұл сапар екіжақты серіктестік пен өңірлік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Сондай-ақ ол Болгарияның Сыртқы істер министрі Велислава Петрова-Чамова бастаған болгариялық лауазымды тұлғаларға қонақжайлығы және сапардың жоспарланғандай өтуіне қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Стратегиялық салалардағы ынтымақтастықты тереңдету

Сыртқы істер министрі Фидан Болгария вице-президенті Илиана Йотовамен, премьер-министр Румен Радевпен және сыртқы істер министрі Велислава Петрова-Чамовамен өткізген кездесулердің энергетика, көлік, инфрақұрылымдық байланыстылық және қорғаныс өнеркәсібі сияқты стратегиялық салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.

«Осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырамыз», – деді ол.

Болгариядағы түрік қауымдастығымен кездесу

Фидан TİKA төрағасы қызметінен бері жақсы таныс Болгариядағы түрік қауымдастығының өкілдерімен қайта жүздескеніне қуанышты екенін жеткізді.

Сонымен қатар ол Болгарияда жұмыс істейтін түрік кәсіпкерлерімен кездесіп, олардың қызметі мен қосқан үлесін жақынырақ бағалау мүмкіндігіне ие болғанын айтты.

«Отандастарымыз бен кәсіпкерлеріміздің Болгарияның тыныштығы мен әл-ауқатына қосып отырған үлесін ризашылықпен әрі мақтанышпен бақылап келеміз», - деді Фидан.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Іздеу
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Кремль: "Біз Анкарадағы НАТО саммитін мұқият қадағалап отырмыз"
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"