ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Түркияның уәдесін орындағанын айтты
Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған 2023 жылғы апат құрбандарын еске алып, қираған аймақтарды жылдам қалпына келтіру жұмыстарына тоқталды.
Президент Ердоған Түркияның уәдесін орындағанын айтты
Президент Ердоған Түркияның уәдесін орындағанын айтты / AA
6 Ақпан 2026

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның оңтүстік аймақтарында 2023 жылғы 6 ақпанда болған жер сілкінісінен қаза тапқан азаматтарды еске алу мақсатында үндеу жариялады.

Ел тарихындағы ең жойқын апаттардың бірі болған жер сілкінісінің үшінші жылдығына орай жариялаған жолдауында Ердоған мемлекеттің қираған қалаларды қайта тұрғызу туралы уәдесін орындағанын атап өтті.

Түркияның “NSosyal” әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламасында Ердоған Түркияның осыдан үш жыл бұрын 11 уәлаятты шарпыған қос жер сілкінісінен қаза тапқандарды ешқашан ұмытпайтынын айтты.

«Осыдан 3 жыл бұрын болған екі жойқын жер сілкінісі салдарынан бақилық болған бауырларымызды ұмытпаймыз», — деді Ердоған.

Қаза тапқандардың аманатын қорғау

Президент үкіметтің қаза тапқандардың мұрасын сақтауға және қирандыға айналған аймақтарды қайта құруға уәде бергенін баса айтты.

Ердоған «Олардың естеліктерін жүрегіміз бен санамызда мәңгі сақтайтынымызға, аманаттарына ие болатынымызға және жер сілкінісінен қираған қалаларымызды қайта аяққа тұрғызатынымызға халқымызға уәде берген едік», — деді.

Президент «Бүгін Алланың қалауымен бұл істі атқардық. 3 жыл сияқты қысқа мерзімде қалаларымызды қайта салып, түлеттік. Уәдемізде тұрдық», — деп толықтырды.

Ердоғанның жазбасында 2023 жылғы қирау сәттерімен қатар, жаңадан салынған тұрғын үйлер, инфрақұрылым мен қоғамдық нысандар бейнеленген видео да жарияланды.

Кахраманмарашта басталып, 11 уәлаятқа әсер еткен екі бөлек жер сілкінісі ондаған мың адамның өмірін қиып, Түркияның оңтүстігінде орасан зор шығынға әкеп соқтырған болатын.

Ердоған жұма күні кешке қаза тапқан азаматтарды еске алу мақсатында ұйымдастырылатын ресми шараларға қатысады.

Іздеу
Түркия Сыртқы істер министрі Ирандағы жағдайға байланысты бірқатар келіссөз өткізді
«Иран әділетсіз әрі заңсыз шабуылға ұшырады»
Президент Ердоған Таяу Шығыстағы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды
Түрік әуе компаниялары Таяу Шығысқа барлық рейсті тоқтатты
Иранға бағытталған шабуылдар басталғалы бері  АҚШ-тың 6 сарбазы қаза тапты
Иран Хормуз бұғазынан өтуге тырысқан кемелерге шабуыл жасалатынын ескертті
Әлем елдері өз азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауда
БҰҰ: «Израиль Газаға гуманитарлық көмекті тоқтатты»
Түркия мен Иран шекарасында шектеу
Израиль Ливанда 31 адамды өлтірді
Иран дағдарысы салдарынан мұнай бағасы артуы мүмкін
Иран Израильді атқылады: Бейт-Шемеште 9 адам қаза тапты
Али Лариджани: «Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді»
Кувейттегі АҚШ әуе базасының маңында әскери ұшақ құлады
Мьянма армиясы 10 мың тұтқынды рақымшылықпен босатты