Трамп Гондурасқа ескерту жасады
Гондурас Ұлттық сайлау кеңесінің төрайымы Ана Паола Холл алдын ала нәтижелерге сәйкес басты екі кандидаттың дауыстары техникалық тұрғыдан тең екенін мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Гондурастағы сайлау билігін сынға алып, ел 30 қарашадағы президенттік сайлаудың нәтижелерін «өзгертуге» тырысатын болса, ауыр салдары болатынын ескертті.
Трамп дүйсенбі күні «Truth Social» платформасында: «Гондурас президенттік сайлаудың нәтижелерін өзгертуге тырысуда. Егер бұлай жасаса, салдары ауыр болады»,- деп жазды.
Трамптың бұл мәлімдемесі Ұлттық сайлау кеңесі төрайымы Ана Паола Холлдың алдын ала нәтижелерге қатысты жасаған түсініктемесінен кейін айтылды. Холлдың айтуынша, негізгі екі кандидат оңшыл Насри Асфура мен бұрынғы тележүргізуші Сальвадор Насралла техникалық тұрғыдан тең түскен.
Холл мәлімет берген сәтте Асфура Насралладан 515 дауыс артық жинаған болатын.
Трамп: «Дауысты санау дауыстардың небәрі 47%-ы саналған кезде тоқтатылды. Комиссия дауыстарды санауды толық аяқтауы тиіс. Жүз мыңдаған сайлаушы өз дауыстарының толық саналуын талап етеді. Демократия жеңіске жетуі керек!» - деді.
Өткен апта Трамп консервативті Ұлттық партияның кандидаты Асфураны ашық қолдап, бұрынғы президент Хуан Орландо Эрнандесті кешіретініне уәде берген болатын.