Президент Ердоған Ораза айтта бірлікке шақырды

Режеп Тайып Ердоған Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайға назар аударып, «Ораза айт Түркияда бірлік пен бауырластықты нығайтсын!», - деді.

By
Президент Ердоған Ораза айтта бірлікке шақырды / AA

Жұма күні Ораза айтқа орай жариялаған құттықтауында Ердоған бірлік пен ынтымаққа басымдық беріп, Таяу Шығыстағы соңғы оқиғаларға қатысты алаңдаушылығын жеткізді.

Ризе өңірінің Гүнейсу ауданындағы Орталық мешітте айт намазынан кейін сөйлеген сөзінде ол Рамазан айының аяқталуы мен ораза айттың келуі ислам әлемі үшін жаңару мүмкіндігі болуы тиіс екенін айтты.

«Он бір айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айын артта қалдырдық және бүгін Ораза айтқа жеттік», – деді.

Ердоған: «Алла Тағала Ораза айт мейрамын бүкіл ислам әлемі үшін бейбітшілік мен жаңғыруға себеп етсін!», – деп тілек білдірді.

Президент айттың Түркияда бірлік пен бауырластықты күшейтуіне үміт білдіріп, Таяу Шығыстағы жағдайға тоқталды.  Өңірдегі ахуалдың өте күрделі әрі шиеленісті екенін жеткізді.

Израильге қатысты пікір білдірген Ердоған: «Сионист Израиль жүздеген, мыңдаған адамды қырып салды. Бұл үшін жауап беретініне еш күмәнім жоқ», – деді.

Сондай-ақ ол : «Алла Тағала бізге жәрдемші болсын! Ораза айт еліміз бен халқымызға игілік әкелсін!», – деп ізгі тілегін білдірді.