ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ресей Украинаға 200-ден астам қарулы дронмен шабуылдады
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей армиясының 3 күндік атысты тоқтату режимі аяқталғаннан кейін еліне қарсы әуе шабуылдарын жалғастырып жатқанын хабарлады.
Ресей Украинаға 200-ден астам қарулы дронмен шабуылдады
Украина президеті Владимир Зеленский Днипро ауруханасында. / Reuters

Президент Зеленский әлеуметтік желідегі жазбаша мәлімдемесінде Ресей мен Украина арасында 9–11 мамыр аралығында уақытша 3 күндік атысты тоқтату режимінен кейін майдан шебіндегі жағдайды жеткізді.

Ол Ресейдің түн ішінде Украинаға 200-ден астам қарулы дронмен шабуыл жасағанын айтып, «Майдан шебіне 80-нен астам әуе бомбасы тасталды, 30-дан астам әуе шабуылы тіркелді», - деді.

Зеленскийдің айтуынша, әуе шабуылдары Днипро, Киев, Житомир, Харьков, Сумы, сондай-ақ Николаев пен Чернигов облыстарын нысанаға алған.

«Ресей бірнеше күнге созылған ішінара атысты тоқтату режимін өзі тоқтатуға шешім қабылдады», - деді ол.

Зеленский Украина аймақтарына жасалған шабуылдар барысында энергетикалық нысандар, тұрғын үйлер, балабақша ғимараты және пойыз локомотиві соққыға ұшырағанын айтты.

«Бұл шабуылдардан жараланғандар бар. Өкінішке қарай, қаза тапқандар да бар», - деді Украина президенті.

Зеленский бұған дейін де Ресей шабуылдарына жауап беретіндерін айтқанын еске салып, «Ресей бұл соғысты тоқтатуы және тұрақты әрі ұзақ мерзімді атысты тоқтатуға бағытталған әрекет жасауы керек», - деп қосты.

Украина Әуе күштері қолбасшылығының жазбаша мәлімдемесінде Ресей армиясының түнде Украинаға 216 ұшқышсыз ұшу аппаратымен шабуыл жасағаны айтылды.

Мәлімдемеге сәйкес, әуе қорғаныс күштері 192 дронды жойған, ал қалғандары елдегі 10 түрлі нысанға түскен.

ҚатыстыTRT Қазақ - Атысты тоқтату мерзімі аяқталғаннан кейін Ресей Киевке дрон шабуылын жасады

Атысты тоқтату процесі

Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін 9 мамыр — Жеңіс күніне орай 8–9 мамыр күндері Украинада атысты тоқтату режимін жариялау туралы шешім қабылдаған еді.

АҚШ президенті Дональд Трамп та Ресей мен Украина арасында 9–11 мамыр аралығындағы әскери әрекеттерді уақытша тоқтатуды, сондай-ақ екі тараптың 1000 әскери тұтқынды алмастыруын қамтитынын хабарлаған болатын.

Ресей мен Украина да Трамптың бұл бастамасын қабылдағандарын хабарлаған еді.

Іздеу
Түркия АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімді құптады
Батыс Шерияда үш жыл ішінде 1 244 палестиналық қаза тапты
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
НАТО саммиті қарсаңында маңызды жиын өтті
АҚШ НАТО-ның Еуропадағы операцияларын қысқартпақ
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
Президент Ердоған: «Түрік Қызыл жарты ай ұйымы жаһандық қызметімен ерекшеленеді»
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі
БҰҰ Израильді палестиналық балаларды қорғауға шақырды