ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Анкарада 7–8 шілде күндері өтетін НАТО-ның 36-саммиті аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 70 мың қызметкер жұмылдырылады.
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Аныткабир, Анкара.

Анадолы агенттігінің мәліметінше, саммит қарсаңында елордада қауіпсіздік пен көлік қозғалысына қатысты дайындық жұмыстары жалғасуда.

Саммит кезінде қаладағы қауіпсіздік шаралары ең жоғары деңгейге дейін күшейтіледі. Осы мақсатта қарулы полиция мен жандармерияны қоса алғанда, жалпы саны 70 мың қызметкер кезекшілік атқарады.

ҚатыстыTRT Қазақ - НАТО саммиті қарсаңында маңызды жиын өтті

Қауіпсіздік шаралары

НАТО-ға мүше мемлекеттердің көшбасшыларымен қатар, саммитке қонақ ретінде тоғыз елдің басшысы қатысады деп жоспарлануда.

Іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге терроризмге қарсы күрес, барлау, киберқылмыспен күрес, қоғамдық тәртіп, химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық қауіптерге қарсы бөлімшелер, жол полициясы, арнайы операция күштері және жандармерия бөлімдері жұмылдырылады.

Саммит барысында әуежайлар, делегациялар орналасатын орындар, қатынау бағыттары мен жиын өтетін нысандар маңында кең ауқымды қауіпсіздік шаралары енгізіледі. Сонымен қатар Анкараға кіреберістердегі қауіпсіздік тексерістері күшейтіледі.

Кейбір мемлекет басшыларының ұшақтары Етимесгут әуежайына қонады

АҚШ президенті Дональд Трамптың ұшағы мен бірқатар ел көшбасшыларының әуе кемелері Анкарадағы Етимесгут әуежайына қонбақ.

Саммитке қатысатын көшбасшылардың жұбайлары үшін Анкараның тарихи және туристік орындарына арнайы мәдени бағдарлама ұйымдастырылады.

Ішкі істер министрі мәлімдеме жасады

Түркияның Ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи әлеуметтік желідегі парақшасында НАТО саммитін қауіпсіз әрі табысты өткізу үшін жан-жақты дайындық жасалғанын хабарлады.

«Мемлекетіміздің барлық мекемелері өзара үйлесімді және тиімді үйлестіру негізінде жұмыс істей отырып, қоғамдық тәртіпті сақтау, қонақ делегациялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және саммиттің табысты өтуі үшін барлық шара қолданылады. Түркия өзінің тәжірибесі, қуатты қауіпсіздік инфрақұрылымы және институционалдық әлеуеті арқасында НАТО саммитін ең жоғары деңгейде ұйымдастырады», – деді министр.

ҚатыстыTRT Қазақ - НАТО Анкара саммитінен нақты нәтиже күтеді
Іздеу
АҚШ Иранға қарсы алты күндік шабуыл операциясының аяқталғанын мәлімдеді
Кремль: «Украина мәселесіне қатысты келіссөздерді Түркияның араағайындығымен бастауға дайынбыз»
15 шілдеден кейінгі энергетикалық саясат
Украина Сыртқы істер министрі: «Атысты тоқтатуға дайынбыз»
Израиль шабуылдарынан төрт палестиналық қаза тапты
Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына байланысты ескерту жасады
Израильге әскери көмекті тоқтату туралы заң жобасы қабылданбады
Волейболдан Түркияның ерлер құрамасы Ұлттар лигасында алтыншы рет жеңіске жетті
«Біз Еуропалық одақтың толыққанды мүшесі болуға лайықпыз»
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады