ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркияның «ULAQ Global» компаниясы саудиялық компаниямен серіктестік орнатты
Түркияның «ULAQ Global» компаниясы Сауд Арабиясының «SAMI Autonomous» компаниясымен келісімге қол қойды.
Түркияның «ULAQ Global» компаниясы саудиялық компаниямен серіктестік орнатты
Түркияның «ULAQ Global» компаниясы саудиялық компаниямен серіктестік орнатты / AA

Түркияның алғашқы өздігінен жүзетін суүсті көлігі өндірушісі «ULAQ Global Autonomous Systems» компаниясы Сауд Арабиясының Қоғамдық инвестициялар қорының еншілес ұйымдарының бірі «SAMI Autonomous» компаниясымен өздігінен жүзетін теңіз жүйелері саласында ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Эр-Риядта өткен Дүниежүзілік қорғаныс көрмесі аясында жасалған келісім Сауд Арабиясында өздігінен жүзетін теңіз жүйелерін жобалау, әзірлеу, өндіру, жүйелік интеграция және техникалық қызмет көрсету салаларында жан-жақты ынтымақтастық орнатуды көздейді.

Бұл салада алғаш рет Сауд Арабиясында жасалған бұл келісім елдің теңіз және қорғаныс мүмкіндіктерін едәуір күшейтеді. Сондай-ақ «Vision 2030» мақсатымен үйлесімді болады.

«ULAQ Global» компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі Керем Калафатоғлу Aнадолы агенттігіне берген сұхбатында екі компания арасындағы келісім ең алдымен бірлескен әзірлеме, технология алмасу және өздігінен жүзетін суүсті көліктерін өндіруге бағытталғанын айтты.

«Біздің қызметіміз тек Сауд Арабиясымен шектелмейді, бүкіл әлем бойынша жалғасады. Бұл бастама бізге тұрақты табыс табуға мүмкіндік береді және «ULAQ» өнімдерін тек Сауд Арабиясына ғана емес, әлемнің басқа елдеріне де экспорттауды мақсат етеміз», - деді Калафатоғлу.

Түркиялық компания жылдар бойы жинақтаған тәжірибесін саудиялық серіктесімен бөлісіп, Сауд Арабиясында жергілікті өздігінен жүзетін суүсті көлігі өндірісін дамытуға үлес қосады.

Керем Калафатоғлу: «Біздің жұмыстарымыз осы жерде, Еуропада және АҚШ-та жалғасуда. Біз «ULAQ Global» компаниясын жаһандық деңгейде дамытуға ұмтыламыз», - деді.

Іздеу
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді