ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Сириядағы үдерісті бақылауда
Түркия президенті аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының төрағасы: «Аумақтық тұтастығы сақталған және террорлық ұйымдардан тазартылған Сирия – өңірлік бейбітшіліктің кілті», – деді.
Түркия Сириядағы үдерісті бақылауда
Дуран Сириядағы түбегейлі тұрақтылық барлық этникалық және діни топтардың құқықтарын тең азаматтық негізінде қамтамасыз етуге байланысты екенін айтты. / AA
19 Қаңтар 2026

Түркия президенті аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының төрағасы  Бурханеттин Дуран жексенбі күні Сирияда қол жеткізілген «Атысты тоқтату және толық интеграция келісімін» президент Режеп Тайып Ердоған ұзақ уақыттан бері назар аударып келе жатқан «террордан тазартылған аймақ» құру мақсаты жолындағы маңызды қадам ретінде бағалады.

Дуран Түркияның “Nsosyal” әлеуметтік желі платформасында жариялаған мәлімдемесінде: «Шарттардың орындалуы мұқият бақыланатын болады», – деп, болған оқиғалардың кездейсоқ емес екенін, бұл президент Ердоғанның жылдар бойы айтып келе жатқан қағидалары мен ескертулеріне сай екенін жеткізді.

Сирияда түбегейлі тұрақтылыққа қол жеткізу барлық этникалық және діни топтардың құқықтарын тең азаматтық негізінде қамтамасыз етуге байланысты екенін айтқан Дуран сөзін былай жалғастырды: «Аумақтық тұтастығын сақтаған және террорлық ұйымдардан тазартылған Сирия – өңірлік бейбітшіліктің кілті. Сирия үкіметінің осы бағытта жасаған қадамдары мен көрсеткен күш-жігері маңызды».

Дуран террорлық ұйымдарға қарсы жүргізілген операциялар Түркияның шекарасы бойында қауіпсіз аймақ құруға көмектескенін, ал дипломатиялық күш-жігер Сирияның болашағын айқындайтын үдерістерді қолдап отырғанын айтты.

Анкараның көрші елдің қауіпсіздігін өз қауіпсіздігінен бөлек қарастырмайтынын, бейбітшілікті қағида, ал тұрақтылықты мақсат ретінде қабылдайтынын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сирия президенті: «YPG келісімді бұзды»
Іздеу
Президент Ердоған: «Иран мен АҚШ келіссөздеріне араағайын болуға дайынбыз»
Әзербайжан мен Армения сауда байланыстарын арттырмақ
Пәкістанда қаза тапқандар саны 250-ге жетті
Ява аралында болған жер көшкіні салдарынан 85 адам қаза тапты
Түркия Суданның егемендігіне қолдауын растады
Украина, Ресей және АҚШ өкілдері Абу-Дабиде кездеседі
Сауд Арабиясы-Түркия инвестициялық форумы өтті
Норвегия премьер-министрі Трамптың НАТО туралы мәлімдемелеріне қарсы шықты
Польшада қару-жарақ қоймасына дрон құлады
Еуропаның тәуелсіздігін күшейтуге үндеді
Венесуэланың уақытша президенті АҚШ елшісімен кездесті
Сирия қауіпсіздік күштері YPG-мен жасалған келісімге сәйкес Камышлыға кірді
Жапонияда қалың қар салдарынан 30 адам қаза тапты
Түркия президенті Ердоған Сауд Арабиясы мен Мысырға барады
Президент Ердоған Орталық банкке жаңа төраға орынбасарларын тағайындады