Израиль армиясында кадр дағдарысы

Израиль бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, офицерлер мен кіші командирлердің қызметтен кету туралы өтініштерінен кейін армия дағдарысқа тап болып отыр.

By
Израиль армиясында кадр дағдарысы / Reuters

БАҚ-тағы мәліметтерге сәйкес, Израиль армиясы офицерлер мен әскерлердің армиядан шығу өтінішінен кейін «жаппай кадрлық қызметтен кету» қаупі туралы ескертті.

«Yedioth Ahronoth» газеті тұрақты қызметтегі жүздеген әскери қызметкердің жұмыстан босату туралы өтініш бергенін атап өтіп, армияның офицерлер және кіші командирлердің жаппай қызметтен кетуімен бетпе-бет келгенін жазды.

Газет өтініштердің нақты қашан берілгенін көрсетпей, «Бүгінге дейін тұрақты күштер құрамында қызмет етіп жүрген офицерлер мен кіші командирлерден қызметтен босату туралы 500 өтініш түсті»,- деп хабарлады.

Ақпаратта әскери шенеуніктердің жас және әскери шендеріне қарамастан жұмыстан босату туралы  өтініштерінің үздіксіз артқаны және бұл ахуалдың “кадр дағдарысы” ретінде сипатталатыны айтылған.

Газет дерегінше, армия тұрақты күштер құрамындағы қызметкерлердің жұмыстан шығуы одан әрі артады деп болжайды.

Сондай-ақ Кнессеттің әлі күнге дейін офицерлер мен сарбаздардың зейнетақы құқықтарын 7 мен 11 пайызға дейін арттыруды көздейтін заңнамалық өзгерістерді бекітпегені, бұл кешігудің наразылықтың күшеюіне ықпал еткені көрсетілген.

Газет жұмыстан кету өтініштерінің резервтегі әскери қызметкерлерден емес, негізінен тұрақты қызметтегі әскерилер тарапынан беріліп жатқанын, мұның төмен жалақы, Газадағы Израиль геноциді кезінде артқан шығындармен байланысты екенін жазды.

Армия мыңдаған офицер мен кіші командирлерді қызметте қалуға көндіруде, ал бұл жағдай әскер қуатының әлсіреуіне алып келуі мүмкін.