САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Франция Израиль министрі Бен-Гвирдің Франция аумағына кіруіне тыйым салды
Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро: «Біз Франция азаматтарының қорқытылуын, сескендірілуін және оларға зорлық-зомбылық көрсетілуін қабылдай алмаймыз», — деді.
Франция Израиль министрі Бен-Гвирдің Франция аумағына кіруіне тыйым салды
Франция Израиль министрі Бен-Гвирдің Франция аумағына кіруіне тыйым салды

Анадолы агенттігінің хабарына қарағанда, Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Израильдің «Жаһандық Сумуд флотилиясы» белсенділеріне көрсеткен қатыгездігіне байланысты осы елдің оңшыл радикалды Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирдің Франция аумағына кіруіне тыйым салынғанын мәлімдеді.

Барро «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде «Бүгіннен бастап Итамар Бен-Гвирдің Франция аумағына кіруіне тыйым салынды. Бұл шешім "Жаһандық Сумуд флотилиясының" құрамындағы Франция және Еуропа азаматтарына қарсы жасалған жағымсыз әрекеттерден кейін қабылданды», — деп жазды.

Израильдің белсенділерге көрсеткен қиянатына тоқталған Барро «Бұл жағдай палестиналықтарға қарсы өшпенділік пен зорлық-зомбылықты өршітетін, қоғамды дүрліктірген ұзақ мәлімдемелер мен іс-әрекеттер тізбегінен кейін болып отыр», — деді.

Барро сондай-ақ Еуропалық Одақтың да Бен-Гвирге қарсы санкциялық шешім қабылдағанын қалайтынын жеткізді.

«Жаһандық Сумуд флотилиясының» әрекетін «пайдасыз» деп сипаттаған Барро «Дегенмен біз Франция азаматтарының қорқытылуын, сескендірілуін және оларға қоқан-лоқы (зорлық) көрсетілуін, әсіресе мұның мемлекеттік лауазымды тұлға тарапынан жасалуын ешқашан қабылдай алмаймыз», — деп баса айтты.

Бен-Гвир жариялаған бейнежазба

Бен-Гвир «X» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында белсенділер жеткізілген Ашдод портында Израиль қауіпсіздік күштерінің оларға қатыгездік көрсеткен сәті түсірілген видеоны жариялаған болатын.

Бейнежазбада Бен-Гвир өтіп бара жатқан тұста бір әйел белсендінің «Еркін Палестина» деп айқайлағаны, ал Израиль полициясының әйелге күш қолданып, жерге сұлатып жатқаны таспаға түскен. Осы сәтте оңшыл радикалды Бен-Гвирдің «Міне, дәл осылай істеу керек», — деп айтқаны анық естіледі.

Іздеу
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі
БҰҰ Израильді палестиналық балаларды қорғауға шақырды
Еуропалық орталық банктің негізгі пайыздық мөлшерлемені көтеруі болжануда
Қытайдың оңтүстігінде жарылыс болды
Президент Ердоған Түрік Қызыл Жарты ай қоғамының құрылған күніне орай құттықтау жариялады
«Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құқықтары мен мүдделерін қорғауды жалғастырамыз»
“Президент Трамп зымыран қорының азаюына байланысты қорғаныс өнеркәсібі басшыларымен кездеседі”