САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Сирия президенті Халықаралық валюта қоры өкілдерімен кездесті
Сирияның «SANA» агенттігі хабарлағандай, Сирия мен Халықаралық валюта қоры елдегі экономикалық өсімді арттыру және реформаларды ілгерілету мақсатында ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
Сирия президенті Халықаралық валюта қоры өкілдерімен кездесті
Сирия президенті Халықаралық валюта қоры өкілдерімен кездесті / AA

Сирия президенті Ахмед Шара мен Халықаралық валюта қорының директоры Кристалина Георгиева Сирияның экономикалық дамуын қолдау мақсатында ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Шара мен Георгиева жексенбі күні Вашингтон қаласындағы Халықаралық валюта қорының штаб-пәтерінде кездесті. Кездесуге Сирияның Сыртқы істер министрі Асад Шейбани де қатысты.

«SANA» агенттігінің хабарлауынша, тараптар «Сирия мен  Халықаралық валюта қоры арасындағы ынтымақтастықтың экономикалық өсімді арттыру және реформаларды ілгерілетуге бағытталған ықтимал жолдарды талқылады.

Шара сенбі түні Бразилияда өткен «COP30» климат саммитіне қатысқаннан кейін Вашингтонға барған болатын. Ақ Үй өкілі Кэролайн Левитт АҚШ президенті Дональд Трамптың дүйсенбі күні Шарамен кездесетінін мәлімдеп, президенттің Сирияға салынған санкцияларды алып тастау шешімін тарихи деп атады.

Трамп пен Шара екіжақты және өңірлік мәселелермен қатар ең бастысы  АҚШ-тың Сирияға қарсы санкцияларды алып тастау шешімін талқылауы мүмкін.
АҚШ Мемлекеттік департаменті өткен апта Сирияға санкция енгізген «Цезарь заңының» Конгресс тарапынан күшін жоюын қолдайтынын мәлімдеген болатын.

Шараның АҚШ-қа сапары ˗ 1946 жылы Сирия тәуелсіздік алғаннан бергі ел басшысының Америка Құрама Штаттарына жасаған алғашқы ресми сапары болуымен ерекшеленеді.

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады