Президент Ердоған: «Иранға қарсы «заңсыз соғысқа» Израиль жауапты»

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған сәрсенбі күні Израиль үкіметі Иранға қарсы жалғасып жатқан «заңсыз соғыстың» басты жауаптысы екенін мәлімдеді.

By
Президент Ердоған: «Иранға қарсы «заңсыз соғысқа» Израиль жауапты» / AA

Түркия басшысы ел астанасы Анкарада Әділет және даму партиясының отырысында сөйлеген сөзінде «Израиль үкіметі бұл заңсыз соғыстың негізгі жауаптысы. Бұл соғыс өңірімізді қақтығыс алаңына айналдырып қана қоймай, бүкіл адамзатқа экономикалық ауыртпалық түсірді», – деді.

«Соғыс барысында төгілетін әрбір тамшы қан Беньямин Нетаньяхудың саяси өмірін ұзартатынын ұмытпау керек», – деді президент.

«Тағы да қан төгілмей тұрып бейбітшілік орнайды деп үміттенеміз. Бұл үшін қажет болса тәуекелге барып, қолымыздан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз », – деп қосты.