Түркияның атақты Газиантеп лахмаджуны ЕО-ның географиялық белгісін алды

Газиантептің әйгілі лахмаджуны ЕО- мойындаған тағамдар қатарына қосылды. Қаланың баклава, нан және Антеп пісте пастасы бұрыннан бері осы тізімде.

By
Түркияның атақты Газиантеп лахмаджуны ЕО-ның географиялық белгісін алды

Түркияның Газиантеп қаласының ұлттық тағамы лахмаджун Еуропалық Одақ (ЕО) тарапынан географиялық белгі алды. Бұл туралы сәрсенбі күні қала әкімі Фатма Шахин мәлімдеді.

Осы соңғы тіркеумен бірге оңтүстік-шығыс Анадолының Газиантеп қаласы ЕО мойындаған 107 географиялық өнімге ие болып, Түркиядағы өнімдері ең көп тіркелген қалаға айналды.

Лахмаджун – дәмдеуіштер қосылған етпен дайындалған жұқа нан, оны көбіне "түрік пиццасы" деп атайды.

Шахиннің айтуынша, ЕО географиялық өнім белгісін Газиантептің басқа да жергілікті өнімдері Газиантептің баклавасы, Арабан сарымсағы, мененгич кофесі және Антеп пістесі пастасы да алған болатын.

"Бұл белгілер біздің дәстүрлі дәмдеріміздің түпнұсқалығын сақтап қана қоймай, сонымен қатар жаһандық деңгейде бренд құндылығымызды көрсетіп, қаламызға экономикалық құндылық қосады," – деді Шахин.

Қала әкімі сонымен бірге Ауыл шаруашылығы және орман министрі Ибрахим Юмаклыға, Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажырға, Газиантеп сауда биржасына және осы жетістікке үлес қосқан баршаға алғысын білдірді.