ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
Ресей құрамындағы Татарстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Әлмир Абашев Украина армиясының ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасаған шабуылы салдарынан Нижнекамск қаласында төрт адамның жараланғанын хабарлады.
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
Украина жасаған ұшқышсыз ұшу аппараты шабуылынан кейін Мәскеу облысындағы бір ғимарат.

Ресей құрамындағы Татарстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Әлмир Абашев әлеуметтік желідегі парақшасында Украина қарулы күштерінің Татарстанға дрон шабуылын жасағанын мәлімдеді.

Абашевтің айтуынша, дрондардың бірі Нижнекамск қаласындағы тұрғын үйлердің біріне түскен.

«Шабуыл салдарынан 4 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде», – деді ол.

Татарстан басшысы Рустам Минниханов та әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде дрон шабуылы кезінде Закамье өңіріндегі кәсіпорындардың зақымданғанын хабарлады.

Минниханов оқиға орнында тиісті жұмыстардың жалғасып жатқанын айтып, «Кәсіпорындардағы өндіріс процесі тоқтатылған жоқ», – деді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, түн ішінде Украинаға тиесілі 231 ұшқышсыз ұшу аппараты Мәскеуді қоса алғанда түрлі өңірлерде және Азов теңізі үстінде жойылған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
ҚатыстыTRT Қазақ - Ресей Украинаға 200-ден астам қарулы дронмен шабуылдады
Іздеу
Әлем кубогы Испанияға бұйырды
Францияда 53 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды
АҚШ Иранның Чабахар портындағы бақылау мұнарасына соққы берді
АҚШ Иранға қарсы алты күндік шабуыл операциясының аяқталғанын мәлімдеді
АҚШ Грекияға әскери техника сатуды мақұлдады
Тоқаев: «Қазақстан Қытайды Еуропамен байланыстыратын негізгі логистикалық орталыққа айналуы керек»
Кремль: «Украина мәселесіне қатысты келіссөздерді Түркияның араағайындығымен бастауға дайынбыз»
15 шілдеден кейінгі энергетикалық саясат
Украина Сыртқы істер министрі: «Атысты тоқтатуға дайынбыз»
Израиль шабуылдарынан төрт палестиналық қаза тапты
Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына байланысты ескерту жасады
Израильге әскери көмекті тоқтату туралы заң жобасы қабылданбады
Волейболдан Түркияның ерлер құрамасы Ұлттар лигасында алтыншы рет жеңіске жетті
«Біз Еуропалық одақтың толыққанды мүшесі болуға лайықпыз»